«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ

1. БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ

2. Білім беру саласы мамандарының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру.  Балалардың, жеткіншектердің жан-жақты сауатты, заманға бейімделген тұлға болуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып, бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелесек, болашағымыз жарқын болмақ.
Бүгінгі таңда алдымызда үлкен міндеттер тұр, ол – қоғам сұраныстарына ілесе алатын бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдермен теңесе алатын ұрпақ тәрбиелеу.

3. Мектепте ақылы қызметтер жоқ.

4. Білім беру жүйесіндегі қажетті әдістемелік нұсқаулықтарда  көрсетілген бағытта мектептің педагогикалық  ұжымы 2015-2016 оқу жылын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2015 жылғы 08 маусым  №364 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015-2016  оқу жылының басталуы туралы" және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын»  басшылыққа алды.  2015-2016 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспарын облыстық білім басқармасының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы» Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және аудандық білім бөлімінің оқу-тәрбие жұмыс жоспарында көрсетілген іс-шаралар мен қатынас қағаздарды, бұйрықтарды басшылыққа ала отырып, 15 сынып комплектісімен, 3 МАД және 2 шағын орталық тобымен өз жұмысын бастады.
Мектепте бастауыш сыныптан – 9, негізгі сыныптан – 5 және 1 негізгі мектеп бітіруші  сыныптар тартылған. Жалпы оқу жылы аяғында мектепте 296 оқушы, МАД  және шағын орталық тобын қосқанда 389 оқушы оқып, тәрбиеленді. Мектепте 4 пән бірлестігі және 1 сынып жетекшілер бірлестігі,  паспортталған 7 пәндік кабинет өздерінің жылдық оқу – тәрбие жұмыс жоспарын жасақтады .       

5. Мектеп басшысы Бахитова Лязат Сапарқызы

Бахитова Лязат Сапарқызы  Атырау облысы, Махамбет ауданының Махамбет селосында 1970 жылдың шілде айының 13-ші жұлдызында дүниеге келді.
Ұлты қазақ, білімі жоғары, жоғары санатты. Алғаш мектеп табалдырығын 1977 жылы Махамбет селосындағы Е.Ағелеуов атындағы орта мектебінен бастап, осы мектепте 10 жыл білім алып 1987 жылы орта мектепті аяқтады.

1987 жылы Атырау қаласындағы Гурьев педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1992 жылы қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алып, бітіріп шықты.

1992-1993 жылдар аралығында Гурьев облыстық тәжірибе станцияда №10 кәсіптік училищесінде қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
Осы жылы тұрмысқа шығуына байланысты 1992-1995 жылдар аралығында Алға орта мектебінде қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

1995 жылы жұмыс бабымен Береке негізгі мектебінде (Память-Ильича)  қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі болып 2006 жылға дейін жасап, 2006-2010 оқу жыл аралығында оқу ісінің меңгерушісі, 2011-2012 оқу жылынан бастап мектеп директоры болып тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет атқаруда. Осы лауазым бойынша еңбек өтілі – 5 жыл.

Лязат Сапарқызы ұзақ жылдардан бері Береке ауылының негізгі мектебінің тәрбие және білім жетілдіруге үлкен мән беріп, оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап үлкен өмірге даярлауға, қабілеті мен бойындағы икемділігіне сәйкес мамандыққа баулуға, ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын өрістетуді ұйымдастыруға назар аударуға мектеп ұжымын жұмылдырып, ерен еңбек атқарып келеді.

6. Дүйсенбі – сенбі: 8:30-19:10
Жексенбі: демалыс

7. Махамбет ауданы, Береке ауылы, Қ.Түсіпқалиев көшесі, №1
Жұмыс телефоны: 5-61-96; 5-62-83

8.  Басшылықтың, мұғалімдердің фотосуреттері

9. Береке ауылының негізгі мектебі 1986 жылы іргетасы қаланған, 1 қатарлы, бейімделген мектеп.
Жыл ішінде мектеп оқушыларына 49 мұғалім сабақ берді. Олардың 42-і (86 %)
жоғары білімді, 7-еуі (15 %)  арнаулы орта білімді  өз пәндеріне сәйкес келетін мамандар.
Кәсіби біліктілік санаттары бойынша:
- жоғары біліктілік санатты –        7                 15 %
- бірінші біліктілік санатты –       10                 21 %
- екінші біліктілік санатты   -        11                 23 %
- жай санатты мұғалімдер саны – 21                43 %

Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптарының бірі.      Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі- әдістеме саласындағы ғылыми   жаңалықтармен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білу,осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақ-пен байланысты. Демек сапалы , тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Мектептің оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау мақсатында «Заманауи мұғалім: жаңашыл тәжірибе мен кәсіби дамудың жаңа бағыттары» тақырыбында педагогикалық оқуларға әр пән бірлестіктен мұғалімдер қатынасып, әділқазылар алқысының шешімімен 3 мұғалім аудан көлемінде «Білім берудің сапасын арттыру, тұлғалық бағытталған қатынас механизмдерін іске асыру, зерделеу бағытында инновациялық жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру» тақырыбындағы ХІҮ педагогикалық оқуларда бастауыш пәнінің мұғалімі Альпиярова Светлана «Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру», тарих  пәнінің мұғалімі Шұғайыпова Раушан «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:диалогтік оқыту әдісін тарих пәнінде қолданудың маңызы», химия-биология пәнінің мұғалімі Қаленова Шынар «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыптарымен І дәрежелі дипломдармен марапатталып келді.

Аудандық білім бөлімінің шешіміне сәйкес іріктеуден өткен үш баяндама облыстық ХІУ педагогикалық конференцияға ұсынылып, нәтижесінде І санатты, ІІІ деңгейліктен өткен химия-биология пәнінің мұғалімі Қаленова Шынар «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыптарымен ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

Аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау және қолдау көрсету мақсатында олардың шығармашылық зертханасын айқындау арқылы озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, қорытындылап, кәсіптік біліктілігін арттыру үшін өткізілген «Жыл мұғалімі-2016» байқауына қатынасқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Зұлхарнаева және «Жыл сынып жетекшісі-2016» байқауына қатынасқан Мәншүк Берекешова, тарих пәнінің мұғалімі Раушан Шұғайыпова жүлделі ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Мектептің педагогикалық ұжымның алға қойған өзекті мәселесі "Нәтижеге бағытталған білім беруде мұғалімдердің шығармашылық ізденістерін дамыту арқылы, оқушылардың білім сапасын арттыру". Мектептің педагогикалық ұжымы облыстық білім беру басқармасынан және аудандық білім бөлімінен келген қатынас қағаздарға сәйкес, аудан, облыс көлемінде өтілген әртүрлі педагогикалық сайыстарға жүйелі қатынасып нәтижемен оралуда.

Оның айғағы төмендегідей:
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жылдың ең үздік психологы» байқауында мектептің педагог-психологы М.Орынбасарова «І дәрежелі » дипломмен марапатталса, «Үздік лагерь жетекшісі-2016» байқауынан ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.«Үздік тәлімгер» байқауына мектеп тәлімгері Г.Мұқанова қатысып «ІІ дәрежелі» диплом иеленді. Аудандық математика пәні мұғалімдерінің педагогикалық шығармашылығын,әдістемелік шеберліктерін  дамыту,пән мұғалімдерінің білімін,таным белсенділіктерін анықтау мақсатында өткен олимпиадаға Р.Жұмаева қатысып «І дәрежелі» дипломмен марапатталып, облыстан «Алғыс хатпен» оралды.Сонымен қатар аудандық гуманитарлық пәндер бойынша интеллектуалдық олимпиадаға қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Г.Мұқанова және орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің интеллектуалды олимпиадасында Д.Есалиева ұатынасып  жүлделі  «ІІІ дәрежелі» дипломдармен марапатталды.Сонымен қатар ағылшын тілі пән мұғалімдерінің Республикалық олимпиадасында З.Есалиева сертификатқа ие болды.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талап өзін-өзі ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу және сомдау. Ол үшін мұғалімнің өзі сапалы білімге жету жолында аянбай еңбектенуі керек. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, қазіргі замануи инновациялық технологияларды меңгеруін зерттеу бағытында ауданның «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2016» байқауында бастауыш сынып пәні мұғалімі Ұ.Мұқанова І дәрежелі , «Тарих білгірі» байқауына тарих пәні мұғалімі З.Есқалиева «Бас жүлде» иеленіп, облыстан «ІІІ дәрежелі» дипломмен оралды. Аудандық дінтану пәні мұғалімдерінің панорамалық сабақтар байқауына Р.Шұғайыпова «ІІ дәрежелі», «Ең үздік сабақ» сырттай байқауынан биология пәні мұғалімі А.Даулетиярова ІІ дәрежелі, бастауыш сынып пәні мұғалімі Ә.Иманбай мен өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Ильясованың сабақтары ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Аудандық «Үздік жас ұстаз» байқауында география пәні мұғалімі С.Шихиева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.   

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген мектептің педагог-психологтарының «Бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік жағдай және әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың қызметі» тақырыбындағы семинарда М.Орынбасарова және «Оқушылардың жазғы тынығу, сауықтыру және еңбекпен қамту жұмыстарын ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбындағы аудандық семинарда шығармашылық шеберлігімен танылған мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Есқалиева  «Алғыс хатпен» марапатталды.

Алматы қаласында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып математикасын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарға бастауыш сынып пәні мұғалімі Мұқанова Ұлтуған барып қайтты, өз тәжірибесін аудандық тамыз кеңесінде ұстаздармен бөлісті.

Дарындылық – адамзаттың керемет бір қасиеті. Осындай ерекшелігі бар әр баланы оның мүмкіндігін ашуға, дамытуға мектеп және мұғалімдер тарапынан жағдайлар жасалып, мектепішілік, қалалық, облыстық  түрлі іс – шараларға қатыстырылды. Соның бір айғайғы оқушылардың ғылыми жоба байқаулары мен «Ақбота », «Кенгуру » сияқты турнилер, пәндік олимпиадаларға қатысуы.

Қазақтың мәдени, әдеби және рухани қазыналарын насихаттауға арналған «Жарқын болашақ»  VІІІ республикалық «КATEV » қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне «Жас ғалымдар» конкурсы бойынша 7-сынып оқушысы З.Өтегенова І дәрежелі, «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Д.Халелова ІІІ дәрежелі, 8-сынып оқушысы З.Зарипова «Жазушылар» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. МАД тобының балалары арасында өткізілген аудандық «Білім жолымен» атты олимпиадасында Ж.Жазықова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, «Айгөлек» фестивалінде «вокал» жанры бойынша К.Ыбырай ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталса, «Ертегіні кейіптендіру» жанры бойынша «Бас жүлде» иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.   2016 жылы өзін-өзі тану пәні бойынша облыстық олимпиадаға Зарина Зарипова қатысып ІІІ дәрежелі орынмен оралды. Аудандық «Елім менің» патриоттық әндер байқауында қарулы күштердің даңқты жауынгерлік дәстүрлерін алға апаратын ұрпақ ретінде танылған мектеп оқушылары ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 8-сынып оқушысы Р.Қашқынбаев халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын әні үшін ІІІ орынға ие болса,жеңіске деген ұмтылысы үшін 7-сынып оқушысы Ж.Тоғжан «Алғыс хатпен» марапатталды. Мағжан оқуларына қатынасқан 6-сынып оқушысы Ж.Серікқалиева мен «Бауыржан оқуына» қатысқан 7-сынып оқушысы Е.Қолғанат ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының олимпиадасын өткізу» туралы ережені басшылыққа ала отырып, ғылыми негіздері бойынша мектеп оқушыларының 2-4, 5-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік олимпиадаға оқушы республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне қатынасып, нәтижелі оралды.