«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

 «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Махамбет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

 Құрылған жағдайда «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

 

 «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

 «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

 Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

 «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

2) «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі;

3) «№8 Махамбет ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу  кабинеті» мемлекеттік мекемесі;              

4) «Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

5) «О.Шонаев атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

6) «Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

7) «Чкалов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

8) «Қосарал орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

9) «Алға орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

10) «Алмалы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

11) «Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

12) «Қызылүй орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

13) «Жалғансай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

  

14) «Таңдай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

15) «Ақтоғай орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

16) «Есбол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

17) Жалпы білім беретін «Талдыкөл мектеп-балабақша кешені» мемлекеттік мекемесі;

18) «Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

19) «Береке ауылының негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

            20) «Еңбекшіл ауылының негізгі