«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Мекемесі туралы

Жалпы ережелер

 

1. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Махамбет ауданы бойынша білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, №13 үй.

   

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.