Мiндеттерi
Облыстық білім беру басқармасы, «Өрлеу» облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын институтымен бірлесіп мұғалімдер білімін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру;
Жаңа педтехнологияларды игеруге байланысты семинарлар, оқулар ұйымдастыру;
Білім жетілдіру курстарына жіберу, көшпелі курстар ұйымдастырып, курстан кейінгі есебін тыңдауды дәстүрге айналдыру;
Педагог кадрлардың өз білімін көтеру жоспарларының орындалуын ерекше қадағалауды – мұғалімдердің беделін көтеру ретінде қарастыру;
Мұғалім беделін арттыру, кәсіби шеберлеген дамыту, мамандардың өз ісіне жауапкершілігін көтеру мақсатында шығармашылықпен жұмыс істейтін топтар құру, қолдау көрсету, озат тәжірибелерді насихаттау;
Оқу – методикалық комплексінің әр мұғалімде, әр мектеп кітапханасында болуын қамтамасыз ету;
Пән бірлестіктерінің жұмысын жолға қоюға мектеп әкімшілігінің ерекше назар аударуына қол жеткізу. Барлық пәндерден үлгі – тірек мектептерін ашу және оның нақты көмек бере алуын қамтамасыз ету. Осы бағыттағы озат тәжірибелерді аудан ішінде брошюра, проспект (бүктеме), буклет арқылы тарату;
Аудан педагогтарының өз мамандықтарына сәйкес педагогикалық басылымдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, оған бақылау – басшылық жасау;
Мектептердегі мұғалімдер арасында аудандық «Пәнді оқытуда жаңа технологияны пайдалану» атты үздік шығармашылық жұмыстар байқауын өткізу.