«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Жауқазын

Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылының «Жауқазын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Мақсаты мен міндеттері:

Мектеп жасын дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу.Балалардың өмірін және денсаулығын қорғау. Тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау. Ата –аналарға балаларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке  басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту.Мектеп жасына дейінгі балаларда бастамшылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Құрылымы: Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы 50 жылдығы атындағы 26 үй.   

Басшы телефоны:   8(71236) 2-13-48

 Жалпы телефон:     8(71236) 2-14-84

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.                                                                                        

Құрылған жылы: 14.08.1969 жыл.                                                                                              

Жобалық қуаты: 140 орындық, 6 топ.

КМҚК  Махамбет селосы КМҚК «Жауқазын» бөбекжай мектеп ғимараты үйне бейімделіп, 2000жылы  балабақша орнына берілді.  Жалпы көлемі: 991,3, жер көлемі:1300,6 шаршы метр.  Бөбекжай - балабақшаның  меншік иесі құқығына иелік ететін құжаты бар.Тұрақты  жер пайдалану  актісі бар, жер учаскесінің  кадастрлық нөмері № 04-065-003-3246.

Жер учаскесінің алаңы: 0,4160га «Жауқазын» бөбекжай заманауи материалдық - техникалық  және медициналық, әлеуметтік жағдайы  балалардың  өмірін қорғау және  денсаулығының  нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық  жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бөбекжай  меңгеруші мен  лицензияланған медкабинет және  6 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер  талапқа сай  жиһаз, теледидар,  көрнекі, оқу - әдістемелік  құралдар мен жабдықталған.

5. Әкімшілік - басқару және қызметкерлер құрамы:Әкімшілік –басқару  қызметкерлерінің  құрамы штаттық  кестеге сай   жұмыс жасайды.

 

 «Жауқазын» бөбекжайының меңгерушісі

Жумалиева Алмагуль Сейфуллаевна

Білімі жоғары,           Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік    университетін 2006 жылы бітірген. Мамандығы –Бастауыш оқыту педагогика және        бастауыш  оқыту әдістеме мамандығы бойынша. Бірінші  санатты, жалпы еңбек өтілі 19,3 жыл, педагогикалық еңбек   өтілі- 19,3 жыл.

 

 «Жауқазын» бөбекжайының әдіскер

Альдешова Баян Бактыгалиевна

Казіргі білімі жоғары, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 1997 жылы бітірген. Мамандығы –  Мектепке дейінгі педагогика және     психология оқытушысы тәрбиеші -әдіскер  бойынша. Жалпы еңбек өтілі 16 жыл, педагогикалық еңбек   өтілі- 16 жыл.

 

«Жауқазын» бөбекжайының шаруашылық меңгерушісі

Юсупова Бибігуль Төлегенқызы

Білімі арнаулы орта 1992 жылы бітірді.

Жалпы  еңбек өтілі  - 12 жыл,  осы мекемеде – 12 жыл.

 

«Жауқазын» бөбекжайының медбике                                                                     

Имашева Балжанай Жадимовна

Білімі арнаулы орта, 1989   жылы  Гуриев мед училищесі  «Медсестра» Мамандығы бойынша бітірген. Жалпы  еңбек өтілі – 25 жыл, осы мекемеде - 16 жыл.

 

«Жауқазын» бөбекжайының тәрбиеші   

Таңатарова Әлия Үмбетқалиқызы

Екінші санатты  тәрбиеші-2012 ж. Аудандық Білім ұясы: “Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік тәрбиешісі”  Бас  жүлде. Облыста  дипломмен  марапатталды.

 Жұмыс кестесі: Жұмыс аптасының ұзақтығы - 5 күн. Ауысымдарсаны -2 смен
 «Жауқазын»бөбекжайының   материалдық-техникалық және медициналық, әлеуметтік жағдайы балалардың өмірін қорғау және денсаулығының нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық жағдайын
жақсартуды қамтамасыз етеді. Бөбекжайда  меңгеруші мен  лицензияланған медкабинет және  6 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер  талапқа сай  жиһаз,теледидарлар, көрнекі, оқу - әдістемелік   құралдармен жабдықталған. Бөбекжайда оқу-тәрбие  процесі төмендегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
 -ҚР Білім туралы заңы;

-ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарымен;
-Жарғы;

-Оқу жұмыс жоспары;

-Ішкі еңбек тәртібі;

-ҚР Білім және ғылым  министрлігінің, облыстық білім бөлімі, аудандық білім  бөлімі нұсқаулықтары, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және т.б. құжаттары. Бөбекжай 10,5 сағат,аптаның   5 жұмыс күні   жұмыс жасайды. Барлық  топтар саны - 6, Ерте жас тобы – 2 , І кішкентайлар   тобы - 2, ІІ  кішкентайлар тобы – 1,  ортаңғы топ-1. Барлық  топта  оқу –тәрбие жұмысы мемлекеттік  тілде  жүгізіледі. Балалар бөбекжайға аудандық білім бөлімі  берген жолдама бойынша қабылданады. Ата-аналармен келісім шарт жасалды. Балалар қозғалысының кітабы жүргізіліп тұрады. Құжаттар істер номенклатурасына сай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Лауазымдық нұсқаулықтар әр қызметкерге арналып құрылып, рәсімделген.«Жауқазын» бөбекжайында 21 педагог қызметкер жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады. Бөбекжай жергілікті мекемелермен, мәдениет үйі,жанұялық дәрігерлік амбулаториясы,мен  сабақтастықта теңдік пен қатынас қағидалары жатыр. Бөбекжайда түрлі шаралар өтеді.