«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Райхан гүлі

Махамбет  ауданы  Таңдай ауылының   «Райхан гүлі»  бөбекжайы

1 Мекеменің толық атауы 

 «Бақсай  ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таңдай ауылының «Райхан гүлі» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Коммунальное государственное казенное предрпиятие «Ясли-сад «Райхан гүлі» селоТаңдай» государственного учереждения «Аппарат акима Баксайского сельского округа».

2.Мақсаты мен міндеттері:  Мектеп жасына дейінгі балалардың  жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын , рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік  Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу.

1. Баланың өмірін  қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңестік дамытушы орта құру,мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету.

2. Балалардың дене, зияткерлік , коммуникативтік ,адамгершілік,эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін  ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.

3.Ақылы қызмет –жоқ
4. Құрылымы: 
Атырау облысы Махамбет ауданы, Таңдай  ауылындағы Абай  көшесі №13 үйде орналасқан. «Райхан гүлі» бөбекжайы  коммуналдық  мемлекеттік кәсіпорын  ғимараты 1964 жылы салынған. Сиымдылығы  65 орындық, 3 топта 65 бала  тәрбиеленуде. Бөбекжай өзінің қызметін келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады:

·         Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазан №445 қаулысымен бекітілген  «Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Таңдай ауылының «Райхан гүлі» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғысы.

·         Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы  07.12.2015 жылы Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының  Әділет басқармасынан  берілген №  78-19-15-08-МК анықтама.

·         Қазақстан Республикасы Салық төлеушінің тіркеу куәлігі: 29.03.1999 жылы берілген, салық төлеушінің тіркеу нөмірі 150800001118

·         Бизнес сәйкестендіру нөмірі : 99034002299

     Медициналық кабинет лицензия номері 00341DR. 2009 жылы  25 ақпан

·         Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №235 қаулысымен «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру іс-шарасы бойынша Атырау облысының іс-шара жоспары туралы»қаулысын басшылыққа алып ,аудан әкімдігінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №209 қаулысының 22 тармағына сай және аудандық білім бөлімінің 28 маусым 2012 жылғы №229 бұйрығымен  25 балалық 1 топ ашылды. 

Бөбекжайдың құрылтайшысы: "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады. "Бақсай  ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпорынға қарасты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган. Бөбекжайдың  жалпы көлемі –739,1 Пайдалы алаңы: 620,6   Бөбекжайдың  меншік иесі  құқығына  иелік ететін құжаты  бар.Тұрақты  жер пайдалану  актісі бар, жер учаскесінің  кадастрлық номірі 04-065-013-668.
Жер учаскесінің алаңы : 0,2278 га.
Бөбекжай ғимараты  бейімделінген жобада. Бөбекжайда  меңгеруші ,әдіскер,мейірбеке және 3 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер  талапқа сай  жиһаз, көрнекі, оқу - әдістемелік   құралдармен жабдықталған

5. Әкімшілік-басқару және қызметкерлер  құрамы
Әкімшілік –басқару  қызметкерлерінің  құрамы  штаттық  кестеге сай   жұмыс жасайды.Әкімшілік –басқару  қызметкерлер құрамы  төмендегіше:

1.Меңгеруші –Құмарова Биғайша Қабижанқызы  білімі жоғары. Гурьев педагогикалық  институтын 1987 жылы  бітірген. Мамандығы   «Мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы , мектепке дейінгі тәрбиенің методисі».  Жоғары санатты. Жалпы еңбек өтілі -29 жыл. Осы  лауазымдағы  еңбек өтілі 13 жыл. 

2.Әдіскер-психолог –Аққалиқызы  Алтынгүл  білімі жоғары.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін  2007 жылы  бітірген. Мамандығы  педагогика және психология. Бірінші санатты.Жалпы еңбекк өтілі -17 жыл. Осы  лауазымдағы  еңбек өтілі 10 жыл. 

3.Шаруашылық меңгерушісі-Жакешова  Салтанат Дүйсенбіқызы  білімі арнаулы  орта, Гурьев  училищесін 1977 жылы бітіріп – «Товаровед» мамандығын алған. Жалпы  еңбек өтілі  - 26 жыл  осы мекемеде –  24 жыл.

4. Мейірбике –Құрманова Санжан Дүсіпқызы   білімі арнаулы орта,  2008  жылы  Алматы  медицина училищесін «Мейірбеке ісі  » мамандығы бойынша бітірген,   жалпы  еңбек өтілі – 9 жыл , осы лауазымда  -7 жыл .

5.  Есепші– Жұбанова  Айсұлу Аманбайқызы  білімі арнаулы орта  1983 жылы  Қазақстан тұтынушылар одағының  Ақтөбедегі   кооператив  техникумы   «Бухгалтер»  мамандығын аяқтаған. 2013 жылы Атырау инженерлік- гуманитарлық институтынан   «Қаржы»  мамандығын алған, білімі жоғары .Жалпы еңбек өтілі –27 жыл, осы мекемеде -10 жыл.

6. Жұмыс кестесi: Жұмыс аптасының ұзақтығы- 5 күн.

                                  Жұмыс режимі: Күндізгі

                                   Күн тәртібі : 10,5 сағат

 7. Мекен жайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы,

                            Таңдай ауылы  Абай  көшесі № 13 үй. индекс 060710

                            Тел-факс: 8-71(236) 2-85-62

                            Электронды адресі: Raixanguli Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

8. Таңдай ауылының «Райхан гүлі» бөбекжайының меңгерушісі

Құмарова Биғайша Қабижанқызы  білімі жоғары. Гурьев педагогикалық  институтын 1987 жылы  бітірген. Мамандығы   «Мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы , мектепке дейінгі тәрбиенің методисі».  Жоғары санатты. Жалпы еңбек өтілі -29 жыл. Осы  лауазымдағы  еңбек өтілі 13 жыл. 

9. «Райхан гүлі »     материалдық - техникалық  және медициналық, әлеуметтік жағдайы  балалардың  өмірін қорғау және  денсаулығының  нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық  жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді . Бөбекжайдың  жалпы білім беруді ақпараттандыру жағдайы  жоғары деңгейде.  Жалпы бөбекжай  есебінде   7   компьютер бар. Олардың   7  қолданыста, есепші кабинетінде, меңгеруші мен әдіскер кабинетінде және топтарда қолданылып отыр. 2-і музыкалық орталықпен қамтылған. Бөбекжай тәрбиеленушілерінің ҰОІӘ-де және ертеңгіліктерінде мультимедияны қолданады және  ОTAU-TV,  ғаламтор жүйесіне қосылған.

Бөбекжайда  оқу-тәрбие  процесі төмендегі  құжаттарға  сәйкес жүргізіледі:
-ҚР Білім туралы заңы;
-ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарымен;
-Жарғы;
-Оқу жұмыс жоспары;
-Ішкі еңбек тәртібі;
-ҚР Білім және ғылым  министрлігінің, облыстық білім басқармасының , аудандық білім  бөлімінің  нұсқаулықтары, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және т.б. құжаттары..Барлық  топтар саны - 3, І кіші топта бала саны  - 20, ІІ  кіші  топта  бала саны – 20 , ортаңғы топ-25 . Барлық  топта  оқу –тәрбие жұмысы мемлекеттік  тілде  жүгізіледі.Балаларды  қабылдау   аудандық білім бөлімі  берген жолдама бойынша қабылданады. Ата-аналармен келісім шарт жасалды. Балалар қозғалысының кітабы жүргізіліп тұрады. Құжаттар істер номенклатурасына сай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Лауазымдық нұсқаулықтар әр қызметкерге арналып құрылып, рәсімделген.«Райхан гүлі» бөбекжайында   10 педагог қызметкер жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі  педагог-қызметкерлердің  штаттық кестесі                                      ҚР Үкіметінің 2008 жылғы  30 қаңтардағы № 77  қаулысымен бекітілген  мектепке дейінгі  ұйымдардың  үлгі штаттық  кестесіне  сәйкес  жасалған   және аудандық  білім бөлімі тарапынан бекітілген.«Райхан гүлі» бөбекжайында  кадрлар тұрақты.Жоғары білімді - 9 педагог (90%),  арнаулы орта- 1 педагог (10%) . жоғары санатты 1-10%,   І санатты  педагогтар саны -7-70% , ІІ санатты-2 20 % .

Оқу-тәрбие процесі Мемлекеттік стандартқа және базистік оқу жоспарының талаптарына сай ұйымдастырылады, оқу жүктемесінің максималды көлеміне және талаптарына жауап береді.«Райхан гүлі» бөбекжай   ұжымы өз қызметін инновациялық жаңа бағыттағы технологиялар бойынша жүзеге асырады.2016-2017 оқу жылында бөбекжай міндеттемесіне сай «Жобалау әдісін»енгізіп ата-анамен баламен педагогтармен бірлесе жұмыс жасауда.  
Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады Бөбекжай жергілікті мекемелермен,Таңдай  орта мектебі, мәдениет үйі, жанұялық дәрігерлік амбулаториясы мен  бірлесе жұмыс жасап келеді.  Бөбекжай тәрбиеленушілері мен педагог қызметкерлері аудан көлеміндегі байқаулардан,сайыстардан жүлделі орындарды  алып жүр. «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестивалінде «вокал» номинациясы бойынша  Саясат  Ақбота  ІІІ орынды жеңіп алса, «Көркем сөз » номинациясы бойынша Өтепқали Сәтберген ІІ орынға ие болды. 

28 сәуір 2016 жылы «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас » тақырыбында ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы   Таңдай «Райхан гүлі» бөбекжайы базасында  өткізіліп конференцияда бөбекжай меңгерушісі Биғайша Қабижанқызы  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жобалау әдісін  енгізу »тақырыбында шығармашылық жұмысын  қорғап облыстық білім беру  басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталып конференция қорытындысында  бөбекжайдағы  оқу - тәрбие жұмысы жоғары деңгейде бағаланды. Оның дәлелі бөбекжай тәрбиеленушісі 5 жасар Өтепқали Сәтберген жоба әдісі бойынша «Дарынды ұрпақ-ел болашағы» атты облыстық  үздіктер  форумына  қатысып  облыс әкімінің алдында өз жұмысын таныстырып марапатқа ие болды. 2016  жылғы  16 наурыздағы  Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет кеңесінің шешімімен Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Жобалау» әдісін енгізу тақырыбында жинағы аудан көлеміне таратылды.

Бөбекжай меңгерушісі Құмарова Биғайша Қабижанқызы 2016 жылы   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет  грамотасымен» марапатталды.

 

Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің  мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде мекеме мемлекеттік аттестаттау комиссиясының қорытындысына сай  жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес деп қорытындылады.