«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Нұршуақ»

Мекеменің толық атауы (орысша және қазақша) «Махамбет ауылдықокругі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Махамбет ауылының «Нұршуақ» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

Коммунальное государственное казенное предприятие «Ясли-сад «Нуршуак» села Махамбет» государственного учреждения «Аппарат акимаМахамбетского сельского округа»

2. Мақсаты мен міндеттері: Мектепжасынадейінгібалалардыңденежәнепсихикалықденсаулығынқорғаужәненығайту, олардысалауаттыөмірсалтықұндылықтарынабейімдеу.Балалардың өмірін және денсаулығын қорғау. Тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау.Ата –аналарға балаларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтікжәне әдістемелік көмек көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту.Мектеп жасына дейінгі балаларда бастамшылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту.Мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3.Ақылы қызмет: Жоқ

4. Құрылымы: КМҚК Махамбет селосы КМҚК «Нұршуақ» бөбекжай ғимараты типтік жобада салынған. Жалпы ауданы – 2283,5 шаршы метр. 1975 жылы коммуналдық қазыналық Мемлекеттік кәсіпорын болып Махамбет ауданы әкімінің 2016 жылғы ағымдағы маусымында № 354 шешімі бойынша жұмыс жасайды. Сыйымдылығы -280 орын. Бөбекжай-балабақшаның меншік иесі құқығына иелік ететін құжаты бар. Тұрақты жер пайдалану актісі бар, жер учаскесінің кадастрлық № 04:065:003:3368. «Нұршуақ» бөбекжай заманауи материалдық - техникалық және медициналық, әлеуметтік жағдайы балалардың өмірін қорғау және денсаулығының нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бөбекжай меңгеруші мен лицензияланған медкабинет және 12 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер талапқа сай жиһаз, теледидар, көрнекі, оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталған.

5. Әкімшілік-басқару және қызметкерлер құрамы Әкімшілік –басқару қызметкерлерінің құрамы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды.Әкімшілік –басқару қызметкерлер құрамы төмендегіше:

Меңгеруші – Сапенова Нұрбану Болатқызы білімі жоғары, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 2010 жылы бітірген. Мамандығы –Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістеме мамандығы бойынша. Бірінші санатты, жалпы еңбек өтілі 10 жыл, педагогикалық еңбек өтілі- 10 жыл.

Әдіскер-Бимагамбетова Гулнәсіп Казиевна білімі жоғары, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін 2008 жылы бітірген. Мамандығы –қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша, жалпы еңбек өтілі 10 жыл, педагогикалық еңбек өтілі- 4 жыл.

Шаруашылық меңгерушісі- Даулетқалиева Нұргүл Ораққызы білімі арнаулы орта, ТУ 20 училищесін 1988 жылы бітіріп – «Сатушы» мамандығын алған. Жалпы еңбек өтілі - 22 жыл осы мекемеде – 1 жыл.

Медбике - Убишова Мархаба білімі арнаулы орта, 1979 жылы Атырау медицина колледжісін «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген, жалпы еңбек өтілі – 9 ай, осы мекемеде - 9 ай.

Есепші – Утепқалиева Қарылғаш Ханатовна 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 6 жыл, осы мекемеде – 1 жыл, 5 ай.

6.Жұмыс кестесі: Жұмыс аптасының ұзақтығы- 5 күн.Ауысымдар саны -2 смен

7. Мекен жайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 214 үй, телефоны:8(71236)7-01-90,Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

9. «Нұршуақ» бөбекжайының материалдық - техникалық және медициналық, әлеуметтік жағдайы балалардың өмірін қорғау және денсаулығының нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бөбекжайда меңгеруші мен лицензияланған медкабинет және 12 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер талапқа сай жиһаз,теледидарлар, көрнекі, оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталған. Бөбекжайда оқу-тәрбие процесі төмендегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі: -ҚР Білім туралы заңы; -ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарымен; -Жарғы; -Оқу жұмыс жоспары; -Ішкі еңбек тәртібі; -ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім бөлімі, аудандық білім бөлімі нұсқаулықтары, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және т.б. құжаттары. Бөбекжай 10,5 сағат,аптаның 5 жұмыс күні жұмыс жасайды. Барлық топтар саны - 7, Ерте жас тобы – ІІ, І кішкентайлар тобы - 1, ІІ кішкентайлар тобы – 2, ортаңғы топ-2. Барлық топта оқу –тәрбие жұмысы мемлекеттік тілде жүгізіледі. Балалар бөбекжайға аудандық білім бөлімі берген жолдама бойынша қабылданады. Ата-аналармен келісім шарт жасалды. Балалар қозғалысының кітабы жүргізіліп тұрады. Құжаттар істер номенклатурасына сай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Лауазымдық нұсқаулықтар әр қызметкерге арналып құрылып, рәсімделген.«Нұршуақ» бөбекжайында20 педагог қызметкер жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады. Бөбекжай жергілікті мекемелермен, мәдениет үйі, жанұялық дәрігерлік амбулаториясымен сабақтастықта теңдік пен қатынас қағидалары жатыр. Бөбекжайда түрлі шаралар өтеді.