«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Алтын балық

Махамбет ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауылының «Алтын балық» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы,

Атырау облысы,

Махамбет ауданы,

Махамбет ауылы

Жеңістің 50 жылдығы атындағы 9 үй.   

Басшы телефоны:   8(71236) 2-11-48

Жалпы телефон:     8(71236) 5-50-63

E-mail: Altyn-balіЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Құрылған жылы: 1954 жыл.

Ғимаратты пайдалануға берілгені: 1980 жыл.

Жобалық қуаты: 140 орындық, 6 топ.

 

Әкімшілік құрамы:

Басшы: Сариева Тойған Қалимқызы

Әдіскер: Базарғали Ғалия Қайыржанқызы

Психолог: Оразғалиева Орынгүл Мұратқызы

Медбике: Қоржықбаева Гүлнар Какашқызы

Есепші: Әлиева Гүлшат Қуанқызы

Шаруашылық меңгерушісі:Қабазова Гүлбаршын Үмбетқызы

 

1963 жылдың 2 қаңтарындағы Қазақ ҚСР-інің Жоғарғы Совет Президиумының жарлығымен Есбол және Бақсай аудандары біріктіріліп олардың негізінде орталығы Махамбет кенті бұрынғы Яманка болып Махамбет ауданы  құрылды.

    Қаз ҚСР Жоғарғы Совет Президиумының 15.06.1963 жылғы жарлығымен Яманка кентіне қазақтың батыры, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының есімі беріліп  Махамбет болып өзгертілді.

Бақсай ауданы ауылымыз Жаманқала атанған мезгілде  № 1 балабақша              1954 жылдан бастап жұмыс жасаған. 1980 жылы №1 балабақшажаңа типтік жобамен салынған 140 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Балабақшаға "Алтын балық" атауы осы жылдан бастап берілген. Балабақшаның 62 жыл тарихы бар.

Тәрбие мен білімнің алғашқа дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріліп, адамгершіліктің алғашқы сатыларын қалыптастырудың қайнар көзі-мектепке дейінгі кезең екендігі ақиқат. Осы үлкен талапты орындауда аудандағы  «Алтын балық» балабақшасының да білім саласына  қосқан үлесі зор.

«Алтын балық» бөбекжайының меңгерушісі 

    Сариева Тойған Қалимқызы 2 ақпан 1962 жылы туған.

   1993 жылы Қ.Дутбаева атындағы Атырау педагогикалық училищесінің "Мектепке дейінгі тәрбие" мамандығын, 2008 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Мектепке дейінгі педагогика және психология" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.1995 жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша "Алтын балық" балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастап, әдіскер, психолог қызметін атқарды. 2008 жылы 13 тамыз айынан бастап "Алтын балық" балабақшасының меңгеруші қызметіне тағайындалды. Меңгеруші лауазымындағы еңбек өтілі 8 жыл. Педагогикалық өтілі 22 жыл, жалпы еңбек өтілі 36 жыл. Бірінші біліктілік санатты меңгеруші.

        2015 жылы Сочи қаласында өткен мектепке дейінгі тәрбие жұмысының кадрлерімен  тәжірибе алмасуда «Сердце отдаю детям» дипломы мен «Доброе сердце» төсбелгісімен, 2016 жылы  "Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас" ІІІ облыстық ғылыми - практикалық конференциясында "Басқару - басқаларды жетістікке жеткізу" тақырыбында іс - тәжірибесін қорғап, Атырау облысы білім беру басқармасының "Алғыс хатымен" марапатталды.

        2014 жылы облыстық "Үздік менеджер" байқауына қатысып жүлделі ІІ Дәрежелі дипломымен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білім беру ұйымдарын басқару құзыреттілігі және іскерлік қарым-қатынас этикасы» тақырыбындағы облыстық семинар жұмысына қатысып, іс-тәжірибесі «Өрлеу» кітаптар жинағына жарияланды.

          2005 жылы Атырау Облыстық Білім беру департаметінің «Құрмет грамотасымен», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің Құқық қорғау комитетінің «Алғыс хатымен», 2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2015 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының "Алғыс хатымен" марапатталды.

Мыңғышбаева Айжан Абылкасқызы

 «Алтын балық» балабақшасының жоғары біліктілік санатты саз жетекшісі.

Саз жетекшісі болып 1996 жылдан бері болып жұмыс жасап келеді. Өз білімін жетілдіру бағытында үнемі ізденіспен, озық тәжірибелерді өз жұмысында басшылыққа алып тиімді пайдаланады.

Мыңғышбаева Айжан 2011 жылы аудандық мектепке дейінгі тәрбие мекемелері арасында өткен «Баламалы бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулықтар» конкурсында І дәрежелі дипломмен, 2011 жылы облыстық ХІІ педагогикалық оқуда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  

2010 жылы №12 (72) «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» Республикалық педагогикалық журналына «Ән мен би достасқанда», 2012 жылы №1 санындағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» журналына «Жаз келді», «Айналайын анашым» атты балаларға арналған нотасымен жазылған өлеңдер жинағы, 2010 жылы осы басылымның №2 санына «Телефон» әні жарияланып, республика көлеміне таратылды.

2012 жылы «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының облыстық фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін тәрбиеленушілері ІІІ дәрежелі дипломмен, 2013 жылы «Сәбилерге – туған ел шуағы» акция шеңберінде өткізілген аудандық «Айгөлек» фестивалінде оркестр жанрында І дәрежелі дипломмен, облыстан ІІ дәрежелі дипломмен, 2015 жылы аудандық «Айгөлек» фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін «Айналайын» балалар оркестрі  І дәрежелі дипломмен, облыстық фестивалінде І дәрежелі дипломмен, 2016 жылы аудандық «Айгөлек» фестивалінде үздік өнер көрсеткені үшін «Айналайын» балалар оркестрі І дәрежелі дипломмен, облыстық фестивалінде І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013 жылы Атырау облысы білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Юдина Надежда Константиновна

 «Алтын балық» балабақшасының жоғары біліктілік санатты тәрбиешісі.

"Алтын балық" балабақшасында 1979 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс жасап келеді. Қарапайым, кішіпейіл тәрбиеші балабақша ұжымына да ата-аналарға да сыйлы. 2007 жылы аудандық "Жаңарған елге сапалы білім" тақырыбындағы педагогикалық оқуға қатысып І дәрежелі дипломмен, облыстан жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2007 жылы облыстық Білім жетілдіру институтымен "Воспитание любви и уважение к родному краю, республике, народу, к природе через ознакомление с окружающим" тақырыбндағы шығармашылық жұмысы "Ағарту ісінен - қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейін" тақырыбындағы жинақ кітабында ұсынылып енгізілді. Осындай еңбегінінің арқасында ұжымда ұйымдастырылған жұмыстары "Мемлекеттік тіл - менің тілім", Жайық шұғыласы газетінің 2009 жылғы 27 мамырдағы, 2009 жылдың 17 қыркүйегіндегі "Қазақ тілін қадір тұтамын" және 2010 жылдың 4 наурызында ел президенті Н.Назарбаевтың жолдауына байланысты "Достығымыз жарасқан" тақырыбындағы мақалалары басылып шықты. 2010 жылы қаңтар айында мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік "Отбасы және балабақша" журналына іс-тәжірибесі ұсынылып, "Спорт для всех" тақырыбындағы мақаласы, 2011 жылы республикалық "Мектепке дейінгі тәрбие" журналының №5 санында "Порядковый счет", №6 санында "Домашние животные", республикалық "Отбасы және балабақша" журналының №3 санында "Знакомство с числом 9 и цифрой 5" тақырыбндағы іс-тәжірибесі жарияланды.

2016 жылы  "Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас" ІІІ облыстық ғылыми - практикалық конференциясында "Художественно творческая деятельность детей в детском саду" тақырыбында іс - тәжірибесін қорғап, Атырау облысы білім беру басқармасының "Алғыс хатымен" марапатталды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2010 жылы Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Торбаева Батима Нұрахметқызы

 «Алтын балық» балабақшасының бірінші біліктілік санатты би жетекшісі.

"Алтын балық" балабақшасында 2000 жылдан бері өз мамандығы бойынша би жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. Жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларға эстетикалық тәрбие беруде зор үлесін қосып келеді. Халқымыздың ата мұрасы би өнері десек, оған ден қойып, балаларды жастайынан осы өнерді сүюге, ұғынып үйренуіне назар аударады. 2009 жылы "Жеке тұлғаға бағытталған білім беруді ізгілендіру" тақырыбындағы аудандық педагогикалық оқуда І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2012 жылы "Білім беруді жаңарту жағдайында білім саласын арттыруға бағытталған" аудандық педагогикалық оқуда І дәрежелі дипломмен, облыста ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" республикалық педагогикалық журналының 2012 жылғы №2 санында "Балет" тақырыбында шығармашылық жұмысы жарияланып, республика көлемінде таратылды. 

"Айгөлек" балалар шығармашылығы фестивалінде мектепке дейінгі мекемелер арасында эстетикалық  көркем шығармашылығымен "Алтын балық" балабақшасының "Еркемай" бишілер тобы аудандық, облыстық өнер байқауында жыл сайын жүлделі орындарға ие болып келеді. 2009 жылы ауданнан "Балалық шақ" биімен "Бас жүлде", 2010 жылы аудандық "Айгөлек" фестивалінде ІІ дәрежелі дипломмен, 1 маусым "Халықаралық балалар қорғау күніне" орай өткізілетін дәстүрлі "Әнші балапан" өнер байқауында жан-жақты дайындықпен би жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін "Антошка" биімен "Бас жүлде", 2011 жылы "Пингвиндер" биімен ауданнан "Бас жүлде", облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен, 2013 жылы "Салкүрең" биімен ауданнан "Бас жүлде", облыстан "Ынталы бишілер" атағын жеңіп алды. 2014 жылы "Көңілді қояндар" биімен ауданнан І дәрежелі дипломмен, облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы "Асатаяқ" биімен ауданнан "Бас жүлде", облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен, 2016 жылы "Сақина салмақ" биімен ауданнан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

       Осындай еңбегінің арқасында 2014 жылы Облыстық облысы білім беру басқармасының "Құрмет грамотасымен" марапатталды.