«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

"Бұлбұл" бала бақшасы

Мекеменің толық атауы (орысша және қазақша) «Алмалы ауылдықокругі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алмалы ауылының «Бұлбұл» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны

 Коммунальное государственное казенное предприятие  «Ясли-сад   
«Бұлбұл» села Алмалы» государственного учреждения «Аппарат           акима Алмалинского  сельского округа»

2.Мақсаты мен міндеттері: 10. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке  басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту.
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларда бастамшылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту.
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың азаматтықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Бес (алты) жастағы балаларды  мектепалды даярлаумен қамтамасыз   
ету.
Отбасы мен баланы әлеуметтік – педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата – аналары үшін мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық кеңес пункті ұйымдастырады
3. Ақылы қызмет: Жоқ
 4. Құрылымы: КМҚК  Алмалы селосы КМҚК «Бұлбұл» бөбекжай - балабақша ғимараты типтік  жобада салынған.  Жалпы  ауданы – 362,88 шаршы метр. 1975 жылы   коммуналдық қазыналық Мемлекеттік кәсіпорын болып Махамбет ауданы әкімінің 1999 жылғы  1 наурыздағы № 980 шешімі бойынша жұмыс жасайды. Сыйымдылығы -90 орын.
Бөбекжай-балабақшаның  меншік иесі  құқығына  иелік ететін құжаты  бар.
Тұрақты  жер пайдалану  актісі бар, жер учаскесінің  кадастрлық № 04-065-005-018.  Жер учаскесінің  алаңы: 0,4320 га.
«Бұлбұл» бөбекжай- балабақшасының    материалдық - техникалық  және медициналық, әлеуметтік жағдайы  балалардың  өмірін қорғау және  денсаулығының  нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық  жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Балабақшада  меңгеруші мен  лицензияланған медкабинет және  4 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер  талапқа сай  жиһаз, көрнекі, оқу - әдістемелік   құралдармен жабдықталған. 
5. Әкімшілік-басқару  және қызметкерлер  құрамы
Әкімшілік –басқару  қызметкерлерінің  құрамы штаттық  кестеге сай   жұмыс жасайды.Әкімшілік –басқару  қызметкерлер құрамы  төмендегіше:

  1. Меңгеруші –Жумиева Гульмира Сисеновна білімі жоғары, Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін 2016 жылы бітірген. Мамандығы - Мектепке дейінгі тәрбие беру.Бірінші  санатты, жалпы еңбек өтілі 2 жыл, педагогикалық еңбек   өтілі- 12 жыл.  
  2. Шаруашылық меңгерушісі-Жұбатқанова Ләззат Құсайынқызы білімі арнаулы орта, Кооперативтік училищесін 1989 жылы бітіріп – «Товаровед» мамандығын алған. Жалпы  еңбек өтілі  - – 15 жыл,5 ай, осы мекемеде – 5 жыл.
  1.  Мейірбике -Мусағалиева Нұрсұлу  білімі арнаулы орта,               1979 жылы  Гурьев медицина училищесін «Акушер» мамандығы бойынша бітірген, жоғары санатты,  жалпы  еңбек өтілі – 25 жыл, осы мекемеде -7 жыл .

 

 Есепші– Ильясова Люся Нәбиқызы 1998 жылы Атырау агротехникалық  колледжін бітіріп, «Бухгалтер»  мамандығын, 2003 жылы Қазақстан Экономика және құқық институтын «Экономист»  мамандығын алған, жалпы еңбек өтілі –12  жыл, 11 ай,осы мекемеде -5 жыл.
6.Жұмыс кестесі: Жұмыс аптасының ұзақтығы- 5 күн.Ауысымдар саны -2 смен
7. Мекен жайы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алмалы ауылы, Жастар көшесі, 11 үй,  телефоны:  8(71236) 2-81-46, факс 2-81-46. Эл.почта:bulbul.1973 @mail.ru


       
9. «Бұлбұл» бөбекжай- балабақшасының    материалдық - техникалық  және медициналық, әлеуметтік жағдайы  балалардың  өмірін қорғау және  денсаулығының  нығайтуды, интеллектуалдық дамытуды, эмоционалдық  жағдайын жақсартуды қамтамасыз етеді.
Балабақшада  меңгеруші мен  лицензияланған медкабинет және  4 топқа арналған бөлмелері бар. Топтар мен кабинеттер  талапқа сай  жиһаз, көрнекі, оқу - әдістемелік   құралдармен жабдықталған. 
Балабақшада оқу-тәрбие  процесі төмендегі  құжаттарға  сәйкес жүргізіледі:
-ҚР  Білім туралы заңы;
-ҚР Білім және ғылым министрлігі нормативтік құжаттарымен;
-Жарғы;
-Оқу жұмыс жоспары;
-Ішкі еңбек тәртібі;
-ҚР Білім және ғылым  министрлігінің, облыстық білім бөлімі, аудандық білім  бөлімі нұсқаулықтары, бұйрықтар, өкімдер, шешімдер және т.б. құжаттары.Балабақша 10,5 сағат ,аптаның   5 жұмыс күні   жұмыс жасайды.Барлық  топтар саны - 4, І кішкентайлар   тобы - 1, ІІ  кішкентайлар тобы – 1, « ортаңғы топ-2. Барлық  топта  оқу –тәрбие жұмысы мемлекеттік  тілде  жүгізіледі.Балалар балабақшаға  аудандық білім бөлімі  берген жолдама бойынша қабылданады. Ата-аналармен келісім шарт жасалды. Балалар қозғалысының кітабы жүргізіліп тұрады. Құжаттар істер номенклатурасына сай мемлекеттік тілде жүргізіледі. Лауазымдық нұсқаулықтар әр қызметкерге арналып құрылып, рәсімделген.«Бұлбұл» бөбекжай-балабақшасында  14 педагог қызметкер жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі  педагог-қызметкерлердің  штаттық кестесі  ҚР Үкіметінің                        2008 жылғы  30 қаңтардағы № 77  қаулысымен бекітілген  мектепке дейінгі  ұйымдардың  үлгі штаттық  кестесіне  сәйкес  жасалған   және аудандық  білім бөлімі тарапынан бекітілген.«Бұлбұл» бөбекжайында  кадрлар тұрақты.Педагогтардың ішінде жоғары білімі бар- 9 педагог (64,2%), соның ішінде мектепке дейінгі білімі бар-5 педагог(35,7%).5 -арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие (35,7%).І санатты педагогтар саны -7,ІІ санатты-5.

Оқу-тәрбие процесі Мемлекеттік стандартқа және базистік оқу жоспарының талаптарына сай ұйымдастырылады, оқу жүктемесінің максималды көлеміне және талаптарына жауап береді.«Бұлбұл» бөбекжай   ұжымы өз қызметін инновациялық жаңа бағыттағы технологиялар бойынша жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы бойынша оқу қызметтерін жүргізеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу балабақша мен отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты. Педагогикалық ұжым өзінің оқыту мен тәрбиелеу жұмысын отбасымен тығыз қарым-қатынас жасау негізінде құрады Бөбекжай жергілікті мекемелермен,Алмалы орта мектебі,мәдениет үйі,жанұялық дәрігерлік амбулаториясы,мен  сабақтастықта теңдік пен қатынас қағидалары жатыр. 

Бөбекжай тәрбиеленушілері мен педагог қызметкерлері аудан көлеміндегі байқаулардан,сайыстардан жүлделі орындар алып жүр. Айгөлек балалар шығармашылығы фестивалінде «вокал» номинациясы бойынша Киікбай Аяна І орынды жеңіп алса, «Ертегіні кейіптендіру» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.