«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары»

«ҚР Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «14» қаңтардағы

№26 бұйрығы» туралы

 

      Аудандық білім бөлімі облыстық білім беру басқармасының 2018 жылдың    14 наурыздағы №15-4-8/791 санды хатына сәйкес  көрсетілген мәселелерді а.ж.10 мамырына дейін шешуді және орындалысы туралы ақпаратты жолдауды тапсырып, мектеп директорларына хат жолдады.              

 

          ҚР  Білім мен ғылым министрінің  2016 жылғы «14» қаңтардағы   № 26 бұйрығымен  бекітілген  «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды кейбір білім беру ұйымдары басшыларының толықтай орындамай отырғандары анықталған болатын.

Яғни, 2017 жылдың 25 мамырына  дейін мектеп формасы бекітілмегендігі, білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесі қоғамдық кеңестің талқылауына шығарылмағандығы сияқты және мектеп жарғысына қатысты  шешімін таппаған күрделі мәселелер орын алған.

Осындай кемшіліктердің әсерінен құзырлы органдардың ҚР ӘҚБтК бойынша міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамай жүрген оқушылардың ата-аналарына әкімшілік шара қолдануы және ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу кезінде  кедергілер туындады.

Министрліктің №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда»: 

басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді (3 бөлімі 25 тармағы);

басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін қоғамдық кеңестің талқылауына шығарады (3 бөлімі 26 тармағы);

-  басшы осы талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады (3 бөлімі 27 тармағы);

 -  міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының  фойесінде ілінеді, ал таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында жарияланады (1 бөлімі 4 тармағы) ; -деп нақты атап көрсетілген.

         Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                     14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» 3 бөліміндегі  25, 26, 27  тармақтар мен 1 бөліміндегі 4 тармақ талаптарының орындалуын және мектеп жарғысына қатысты  мәселелерді 2018 жылдың 10 мамырына дейін шешуді тапсырады.