«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?»

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің ата-аналар қауымдастығымен түсіндіру жұмыстарын белсендіру, қашықтан оқыту форматында балаларды оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) ақпараттандыру мақсатында «Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысында мектеп жұмыс істейтін ақпараттық платформа, оқыту форматтары (синхронды, асинхронды, аралас) туралы егжей-тегжейлі айтылып, балаларды ынталандыру және жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы мәселелері де назарда болады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту бойынша ата-аналарға және оқушыларға арналған жаднама ұсынылды. Аудан бойынша жиналысқа 2217 ата-ана қатысып, тақырып төңірегінде толық мағлұмат алды.