Қоғамдық тыңдаулар
Аудан мектептерінде өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру мақсатында 1-3 қараша аралығында ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп инспекторларының қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтті.
Мектеп директорлары мемлекеттік және жергілікті деңгейде қабылданған нормативтік құқықтық құжаттар, білім беру жүйесінің проблемалары және шешу жолдары, оқушылардың І-тоқсандағы білім сапасы, білім беру саласындағы кадрлық саясат,білім беру мәселелері бойынша ата-аналар және үкіметтік емес жұртшылық арасындағы өзара әрекеттесулер туралы баяндап, Қазақстан Республикасында өлкетану дамуының тұжырымдамалық негіздерін таныстырды.
Сонымен қатар тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жобасын таныстырса, мектеп психологтары отбасы және мектептің тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытында кеңестер берді.