«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Оқушылардың білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері іске асырылуда

Бибігүл-Сара Есенәлиева

Аудандық әдістемелік

 кабинеттің әдіскері

 

Бүгінгі  ұстаздың  міндеті- үнемі өз білімін жетілдіру, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті арқылы оқытудың  жаңаша әдістерін енгізу,тиімді қолдану.Бұл бағытта аудан мектептерінде  ауқымды жұмыстар іске асырылуда.      

Облыстық   білім   беру   басқармасының   әдістемелік   орталығының жұмыс жоспарына сай, 19 қазан  күні   Береке орта мектебінің   базасында   «Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде критериалды бағалау: ізденіс, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында облыстық форум  өткізілді. Оған облыстық  әдістемелік орталықтың мамандары, аудандар бойынша өкілдер, аудан педагогтары  қатысты.

Форум мақсаты: Критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісіне тиімді енгізу  және талапқа сай қолдану бағытында  тәжірибе алмасу. Жаңартылған бағдарлама аясында  жұмыс жасап жүрген педагогтардың тәжірибелерін насихаттап, қолдау көрсету.

 Бағдарламаға сәйкес, аудан мектептерінің іс-тәжірибелерін баяндайтын роллаптар көрмеге  қойылып, бейнероликтер арқылы  таныстырылды.

Форум жұмысы төрт алаңда ұйымдастырылды. Қатынасушылар  «Бастауыш сыныптар алаңында» Береке орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зульфия Бердешованың 1-сыныпта математика пәнінен, Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Зәуреш Кабипованың 2-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен, 3-сыныпқа дүниетану пәнінен  О.Шонаев атындағы орта мектеп мұғалімі Бейбітші Аманғалиеваның ашық сабақтарына қатысты.

«Гуманитарлық пәндер алаңында» О.Шонаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толқын Ибрашеваның 6-сыныпта қазақ тілі пәнінен, орыс тілі мен әдебиетінен Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Алмагүл Жұбатханованың, Береке орта мектебінің  тарих пәнінің мұғалімі Раушан Шұғайыпованың  8-сыныпта ашық сабақтары өтті.

«Жаратылыстану пәндері алаңында» Береке орта мектебінің география пәні мұғалімі Айдын Құлбаевтың 5-сыныптағы жаратылыстану пәнінен, 8-сыныптағы химия пәнінен Қосарал орта мектебінің мұғалімі Сандуғаш Қабазованың  зертханалық, Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлсім Сабырғалиеваның биология пәнінен ашық сабақтары ұйымдастырылды.

Өтілген сабақтардың ерекшелігі- Береке орта мектебінің оқушыларына ауданның басқа мектептерінде дәріс беретін мұғалімдердің барып сабақ өткізуінде болды.Мұғалімдерінің үйреткен іскерлік пен дағдылары, білімдері  мен  таныс емес ұстаздардың кәсіби шеберліктері арқасында  сабақтар сәтті шықты. Негізгі мектептен орта мектеп статусына ие болған  мектеп мұғалімдері де үлкен  шарада жауапкершілік пен ұйымшылдықтарын таныта білді.

«Тәжірибе алмасу алаңында» Береке орта мектебінің директоры Л.Бахитованың «Жаңа бағдарлама: дағды мен іскерлікті қалыптастыру» тақырбында дөңгелек үстелде  жаңартылған бағдарлама бойынша дағды мен іскерлікті қалыптастыру тәжірибелері ортаға салынды. Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің директоры Қ.Қазиевтің «Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі шығармашылығын қалыптастыру: шығармашылық орталықтар» тақырыбында мектептебіндегі  атқарылып жатқан тың  шаралардан іс-тәжірибесі тыңдалды. О.Шонаев атындағы орта мектептің  директоры А.Сұлтанғалиеваның «Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзіреттілік деңгейі» тақырыбындағы панорамалық коучингі таныстырылды. Қосарал орта мектебінің директоры Ә.Олжағалиев «Күтілетін нәтижеге жетудегі педагогикалық іс-әрекеттер» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Форум жұмысында оқушыларға  жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту,білім   берудің басым мақсаттарының  бірі ретінде - мектеп   оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға   баса назар аудару, оқыту мен тәрбиелеуде әлемдік технологияларды оқып- үйрену, оны оқыту  үрдісінде  кеңінен  қолдану,  критериалды бағалау жүйесін  баланың оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағыттауды басты назарда ұстап,   тәжірибеге толық енгізу  мазмұнын  қамтыды.

Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы А.К.Құсайынова, облыстық педагогикалық шеберлік орталығының  менеджері А.С.Тажигалиева және қатысушы педагогтар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Форум соңында кәсіби шеберлігімен және педагогикалық шығармашылығымен таныстырып, сабақ берген ұстаздар мен өз тәжірибелерін ортаға салған мектеп директорлары, АББ әдіскерлері облыстық әдістемелік орталықтың Алғыс хатымен марапатталды.

Мұғалім оқушыға тиянақты білім бере отырып, оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өзіне деген сенімін оята білуі- үлкен жетістікке әкелері сөзсіз. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, онда ол оқуды да , мектепті де жақсы көреді.Мұны мұғалімнің беделі деп түсінуіміз керек. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр екендігімен қатар, оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн.

 

.