«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Ұстаздар күніне орай өткен шаралар

Ағымдағы жылдың  24 қыркүйек-6 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық- материалдық ынталандыру мақсатында өткен «Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған шаралар туралы ақпаратты жолдайды.

Аудан мектептерінде аталған акция аясында  «Ұстазға тағзым» атты апталық  өтті.  Апталық кезінде «Ұстазға тағзым», «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік», «Мектеп-кеме, білім теңіз», «Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет», «Мұғалім мамандығы-беделді!», «Мұғаліміңді құттықта!»,«Өмір жолы- өнеге» т.б. тақырыптарда салтанатты шаралар, кездесулер, спорттық сайыстар, тәрбиелік шаралар, баспасөз-конференциялары, брифингтер, өзін-өзі басқару күндері ұйымдастырылды.

    

    

    

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Ұстазға тағзым» айдарымен ардагер ұстаздар туралы республикалық «Ұстаздық еңбек», аудандық «Жайық шұғыласы» газеттеріне мақалалар берді.

Сонымен қатар, мерейлі жасқа толған  ардагер ұстаздарға құттықтау хаттар жолданып, мектепте ұйымдастырылған шараларға шақырылды.

    

3 қазан күні аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Ұстаздар- ұлы тұлғалар» атты салтанатты шараға 211 білім саласының қызметкерлері, 11 ардагер ұстаз қатысты. Салтанатты шарада моральдық және материалдық қолдау шаралары көрсетілді.

Ұйымдастырылған шаралар туралы БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланды.