«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған шаралар

Махамбет ауданы мектептерінде  оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Аман бол-асыл қарттарым», «Қариялар-даналар»,«Қарттарым-асыл қазынам!», «Менің жылдарым-менің байлығым», «Қарты бардың қазынасы бар», «Үлкенге–құрмет,кішіге-ізет» тақырыптарында  шаралар өтті.

Шараларға ардагер ұстаздар да шақырылды. Оқушылар сұрақтар қойып, қариялардың  ғибратты әңгімелерін тыңдады.

Сонымен қатар «Жас қолқанатшылар» топтары ауылдағы  жалғызбасты қарияларды мерекемен құттықтап, ауласын тазартып, егістігін жинап берді.

Ұйымдастырылған шаралар туралы әлеуметтік желілерде жарияланды.