«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі мен 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар туралы ақпарат

Аудан мектептерінде 7,9 мамыр мерекелерінің шынайы патриотизм  мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректікті, халықтар арасындағы келісім мен достықты бейнелейтін тарихымыздың қастерлі беті болып саналатындығын оқушыларға таныту  мақсатында «Ұлы  Жеңіс  жасасын!», «Шығыстың қос шынары» «Ерлікті  біз жырлаймыз», «Біздің халықтың ерлікке толы өткені», «Бейбіт күн жасасын әлемде», «Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды» тақырыптарында шаралар өтті.  Сонымен қатар тарих пәні мұғалімдері, сынып жетекшілер «Біздің халықтың ерлікке толы өткені» атты «Ерлік сабақтарын» өткізді.

 

 

Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу мақсатында «Бақытты ұрпақ» атты сурет  көрмесі ұйымдастырылды.

 

 «Даңқ»  бұрышына  саяхат жасалып, оқушылар  ауыл ардагерлерінің  өмірлерімен  танысты.

 

 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлеріне, мүгедек жандарға «Жас қолқанатшылар» топтары  тұрмыстағы ерікті көмек көрсету бойынша «Мейірімді істер эстафетасы», «Жайлы үй» акцияларын ұйымдастырды.

 

 

Жұмыстар алға қарай жалғасады.