«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» Конституциялық Заңын іске асыру бағытында 2018 жылы атқарылған жұмыстар

Махамбет ауданы мектептерінде оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, төзімділікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер- рухани жаңғырудың қайнар көзі», «ҚР Мемлекеттік рәміздері- елдіктің төл тұмары», «Мемлекеттік рәміздер- құдыретті құндылық», «Мемлекеттік рәміздер-ел беделі», «Мемлекеттік рәміздер-Ұлт байлығы», «Рәміздер-ел беделі!», «Мемлекеттік рәміздер- мемлекеттің бетке ұстар құжаты»,«Мемлекетті Рәміздер мақтанышым»,«Құрметтейік мемлекеттік рәміздерді», «Қазақстан Республикасының рәміздері»,«Ел рәміздері–Тәуелсіздігімнің айғағы»,«Мемлекеттік рәміздерге көзқарас ережесі»,«Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысайық», «Рәміздер–ел тірегі, ел намысы»,«Қазақстан Туы желбірей бер!» т.б. тақырыптарда шаралар өтті.

 

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында жүргізілген жұмыстар туралы  мектептердегі педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы мәжілістерде  қаралды.

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні   Есбол орта мектебінің базасында «Ата-ананың өнегелі тәрбиесі-баланың бақытты болу кепілі»  атты  аудандық семинарда Чкалов орта мектебі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Сабыр «Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және насихаттау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында  семинарға қатысушылармен коучинг өткізді.

Оқушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын түсіндіре отырып, оған деген құрмет мен мақтанышты қалыптастыру -баршамыздың борышымыз.

 

 Жұмыстар алға қарай да жалғасады.