«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Аудандық білім бөлімі 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан мектептерінде 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шаралар кең көлемде аталып өтті. Барлық сыныптарда достық, бірлік тақырыптарына сынып сағаттары мен тәрбиелік шаралар өтті.Бұл мереке барлық қазақстандық этнос өкілдерінің достығы мен өзара түсіністігін әлемге паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің тарихы мен салт-дәстүрін көбірек білуге, сондай-ақ әр ел азаматы үшін өз мәдениетінің қайнар бұлағына оралып, ұлттық әдет-ғұрыптарын еске түсіруіне таптырмас сәт екендігі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.

 

Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақ елінде тұрып жатқан ұлттардың өнерін, мәдениетін дәріптеуге арналған әлем халықтары әндері мен би байқаулары өткізілді. Төменгі сыныптар мен жоғары сыныптар арасында өткізілген бұл байқауға 1-4 сынып оқушылары және 5-7 сыныптар түгел қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысқан сыныптар ұлттардың ұлттық әні мен биін орындап,сол ұлттың ұлттық дәмін де ұсына білді

 

Ал, 1-10 сынып оқушылары аралығында «Татулығы мен бірлігі жарасқан-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында достық фестивалі ұйымдастырылды.  Мерекелік шарада әр ұлттың билері биленіп,  слаид арқылы таныстырылды. Мектеп кітапханашылары «Бірлік түбі береке» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. МАД тәрбиеленушілеріне «Достығымыз жарасқан» тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. «Татулығы мен бірлігі жарасқан» тақырыбында шығармалар жазып, «Біз бақытты баламыз» тақырыбында сурет салды.