Балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат
Аудан мектептерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша әр сыныпқа электр қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, құрылысы аяқталмаған ғимаратқа бармау, өрт қауіпсіздігі, Жайық өзеніне т.б жерлерге бармау керектігі айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша иесіз жатқан аймақтар туралы мағлұматтар берілді.
«Қауіпсіздік-маңызды мәселе» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға бейнебаян көрсетілді.
Сонымен қатар облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының 2018 жылдың 18 сәуірдегі №30-02-16/554 санды хатына сәйкес қайғылы жағдайлар болдырмау мақсатында оның алдын алу үшін мектептегі энергия тоғы берілетін нысандарға бармау туралы түсінік берілді.
Жұмыстар алға қарай да жалғасады.