«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«1 наурыз Алғыс айту күні»

 Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында  «1 наурыз Алғыс айту күні» ерекше аталып өтті. Гимназия іші мерекеге сай безендіріліп «Жас Ұлан» ұйымының «Ұрпақ үні»газетіне 11 сынып түлектері «Шын жүректен» алақанға құттықтау жолдады.барлық сыныптардың «Мың алғыс», «Алғыс айту –парызым»тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.

Қыздар жатақханасында  да тәрбиеші Какимова Айнур,педагог-психолог Д.Жұбатова «Ата-анам асыл тұғырым» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында психологиялық дәріс өткізді.

А.Бахитжанова мен Б.Узбекова  9-10 сыныптарға дөңгелек үстел өткізді.

Бұл күні  барлық сынып жетекшілер бірыңғай сынып сағаттарын түрлендіріп   ұйымдастырды.Әлеуметтік педагог Д.Қайсағалиева  өзін-өзі тану пәні бойынша «Ел алғысын алсаң елеулісі боласың» сынып сағатын өткізді.

10 –сынып жетекшісі Қ. Туреалиева «Ұстаздарға мың алғыс»құттықтауын дайындады.

9 «б» сынып жетекшісі А.Қажығалиева оқушыларына эссе жаздыртты.

7 ә сынып жетекшісі Гауһар Алтынбекқызы оқушыларымен бірге әр ұстаз фото суретіне өлең жолдарымен тілектерін білдірді.
7а сынып жетекшісі Жазира Бердібекова әр елдің Ресей, Қытай, Араб, Жапония, Үндістан елдерінің алғыс сөздерімен шын жүректен құттықтау дайындады.
9а сынып жетекшісі Құрмаш Жаңылсын  оқушыларымен бірге “Thank you” атты стенд  шығарса, ал 8а  сыныбы жетекшісі Тахмина Болатовнамен бірге жалпы гимназия қызметкерлеріне жүрек жарды тілектерін білдірді.
8 б  сынып жетекшісі Зулкарнаева Айгерім оқушыларымен тілектер жазылған шар таратты.
Алғыс айту күні мерекемен басталған іс –шарамыз 8 наурыз мерекесіне орай өз жалғасын табады.