«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Аудандық байқау

2018 жылдың 17 ақпан күні  Талдыкөл мектеп- балабақша кешенінің базасында 9 сынып оқушыларының  арасында өткен «Мәңгілік ел- туған өлкем» атты өлкетану бағытындағы аудандық байқау байқау өтті.

Жастар арасындағы өлке тарихы бойынша сауаттылықтың деңгейін арттыру, білім алушыларды білімге саналы көзқарасқа, отаншылдыққа, ұлт тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен аудандық байқауға 30 оқушы қатысып, өлке тарихы, табиғи ерекшелігі, экономикасы мен мәдениеті туралы білімдерін сарапқа салды.

Байқауға қатысушылар өзін –өзі таныстырып, өлкетану бағыты бойынша өзі түсірген 3 суретке  сипаттама берді. Ал, блиц- турнир кезеңінде туған жерінің тарихы, табиғи ерекшеліктері мен мәдениеті бойынша білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жазбаша бір мезгілде жауап берді.
Саяхатшы конкурсы кезеңінде Атырау қаласындағы, Махамбет селосындағы тарихи- өлкетану мұражайларындағы, «Хан ордалы Сарайшық» комплекстік мұражай қорығының біреуі туралы ұяшықтағы өзі таңдаған сан бойынша шыққан суретке сипаттама берді.
«Мәңгілік ел- туған өлкем» тақырыбында ұстазымен бірлесе отырып ерікті түрде жазған, жасаған шығармашылық жұмысын қорғады.

Әділқазылар алқасының шешімімен Қосарал орта мектебінің 9 сынып оқушылары Амангелді Диана мен Бисекен Ақтоты  жеңімпаз болып, танылды. 

21 ақпан күні Атырау қаласы, Х.Досмұхемедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі облыстық байқауға қатысушы оқушылар мен жетекшісі туралы мәлімет


Аты- жөні

Мектебі

Сыныбы

Жетекшісінің аты- жөні

Байланыс телефоны

1.

Бисекен Ақтоты

Қосарал орта

9

Изтелеуова Эльвира  Темірболатқызы

87014626879

2.

Амангелді Диана

Қосарал орта

9

Исмағанбетов Ибатолла Шағидоллаұлы

87784057184