«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Ардақты өлкем- Атырауым»

Махамбет ауданы мектептерінде Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай 22-26 қаңтар аралығында оқушыларды Атырау облысының тарихымен таныстыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ардақты өлкем- Атырауым» атты апталық өтті. Аудан мектептерінде кітапханашылар «Ардақты өлкем- Атырауым» тақырыбында кітап көрмесін жасап, оқушыларды көрмедегі кітаптармен таныстырды.

 

 Апталық аясында өлке тарихы, топонимика, этнография, мәдениеті бойынша «Мұнайлы өлке, шырайлы өлке-Атырау»,«Атырау-әсем қала»,«Атырау –ардақты қалам», «Тағылымсыз тарих жоқ», «Туған елге тағзым», «Менің Атырауым»,«Арман қала-ән жырым», «Атырау тарихын білесің бе,жас дос?» тақырыптарында баспасөз конференциясы, дөңгелек үстел, тарихи кеш, ашық тәрбие шарасы, кездесу ұйымдастырылды. Шараларға қатысқан оқушылар Атырау қаласының орталық алаңдарына ауызша саяхат жасап, өз кезегінде «Атырау-қалам», «Еділ мен Жайық», «Жайықтан қайтқан тырналар» атты әндер тыңдап, қосылып шырқады. Сонымен қатар «Атырау облысының әдебиет саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалар» тақырыбында конференция өтті. Шараларға жас ерекшелігіне қарай оқушылардың барлығы да қатысты.  

 

 

 Сондай-ақ, апталық барысында кіре беріске өлкеміздің саяси-экономикалық жағдайын, мәдени- тарихи орындары мен ескерткіштерін бейнелейтін стенді, бұрыштар, баннер сияқты көрнекіліктермен безендірілді.