«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 4-15 желтоқсан аралығында «Туымыз-тәуелсіздік, тұғырымыз-тұрақтылық» тақырыбындағы онкүндік аясында ұйымдастырылған шаралар.

мбет ауданы мектептерінде «Желтоқсан жаңғырығы-Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік- тұғырым», «Тәуелсіздік–теңдесі жоқ байлығым», «Мұзда жанған алау»,«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат!», «Тәуелсіздік бастауы–Желтоқсан!», «Тәуелсіз елдің баласы!», «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухты қазақтың», «Өр мінезді, өжет қыз», «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием», «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» т.б. тақырыптарда кездесу, тәрбиелік шара, дөңгелек үстел, тарихи кеш, конференция, патриоттық әндер, шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

 

 

 

6 желтоқсан күні Жалғансай орта мектебінің базасында аудандық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Менің елім- Мәңгілік Ел» тақырыбында шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара аясында «Еңбек түбі – береке», «Атадан қалған асыл сөз», «Жас Ұлан- жарқын болашақ», «Менің таңдауым- саламатты болашақ», «Еліме пайдам тисін деп...» тақырыптарында Е.Ағелеуов, Таңдай, Қ.Қалыбеков, Ақтоғай орта мектептерінің, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының Ұланбасылары пікіралмасу, дөңгелек үстел, өнеге сағаты, шеберлік сыныбын өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы», «Біздің жетістігіміз- еліміздің жетістігі!» тақырыптарында кітап көрмесі назарға ұсынылды.