«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Қарттар күні

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған шаралар 28 қыркүйек күні білім бөлімінің басшысы С.Жайлашев өмір жолдары- өнегеге толы білім саласының ардагерлерін қабылдады. Қабылдауға Н.Баймұханова (Талдыкөл м/б кешені),Қ.Таспанова (Қ.Қарашаұлы о/м), М.Шахабаева (Қ.Қарашаұлы о/м), Ж.Натифуллина (Жалғансай о/м), Д.Махасова (Чкалов о/м), Ж.Мұғауова (Қосарал о/м),Х.Тусекенова (З.Ещанова атындағы ө/м) шақырылды.

 

 

 

Аудан мектептерінде «Қариялар-даналар»,«Қарттарым-асыл қазынам!», «Менің жылдарым-менің байлығым», «Қарты бардың қазынасы бар», «Үлкенге–құрмет,кішіге-ізет» тақырыптарында шаралар өтті.

 

 

 

 

 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мерейлі жасқа толған қарттарды (70,75,80,85,90,95, 100 жас) құттықтап, сый-сияпаттар көрсетті. Сонымен қатар зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын ескере отырып, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жазуды ұйымдастырды.

«Қарияларға қамқорлық көрсетейік» ұранымен «Жас қолқанатшылар» қарттардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қолғабыстарын тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өмір жолы-өнеге» айдарымен ардагер ұстаздар туралы республикалық «Ұстаздық еңбек», аудандық «Жайық шұғыласы» газеттеріне мақалалар берілді.