«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар Чкалов орта мектебінің базасында 27 қараша күні оқушыларды рухани- адамгершілікке, патриоттық сана мен өз Отанына шексіз берілгендік рухта тәрбиелеудің озық тәжірибелерін анықтау мақсатында «Жарқын жолдағы жасампаз елміз» атты аудандық панорамалық шаралар байқауы өтті. Байқауға 17 мектептен 17 сынып жетекші қатысты.

Байқауға қатысқан сынып жетекшілер қазақстандық қоғамда ұлттық тұтастықты, бейбітшілік пен келісімді тұрақтандыруға бағытталған тәрбие шараларының ықпалын күшейту, дәстүрлі рухани- адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу жұмыстарының жүйесін дамыту, тәрбие шараларын өткізудің жаңа технологияларға негізделген түрлерін насихаттау бағытындағы жұмыстарын көрсетті.

Олар «Еліңмен жасай берші, Елбасы!», «Жасампаз елдің жарқын көшбасшысы», «Бір ел, бір тағдыр», «Жарқын өмірге- жарқын қадам», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Біздің Елбасы», «Рухани жаңғырған жасампаз- Қазақстан», «Елімнің елдігі Елбасымен», «Рухани жаңғыру- жарқын болашақ», «Менің тұңғыш Президентім», «Творец светлого пути страны», «Арқа сүйеп ақыл- ойдың шыңына, аңсағаны- ұлтқа шуақ, шұғыла», «білім мен байлық тақырыптарында өткізген шараларын қорғады.

 

 

28 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау қаласында өткен «Мәңгілік Ел Ұландары» VІ облыстық форумына О.Шонаев, Таңдай, Жалғансай орта мектептерінің тәлімгерлері мен белсенді оқушылары қатысты.

 

 

 

Аудан мектептерінде «Елбасы- Ел тірегі»,«Ел және Елбасы», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан», «Жарқын жолдағы жасампаз елміз», Н.Назарбаев- іргелі мемлекет құрған көшбасшы», «Елім деп соққан жүрегі», «Тұлға. Елбасы. Тарих» тақырыптарында тәрбиелік шара, танымдық сағат,дөңгелек үстел, әдеби саздық бағдарлама пікірталас өтті.

 

 

 

Сонымен қатар «Мемлекет басшысы- дана көшбасшы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.