«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында: мектеп үйлестірушілерінің ролі»

Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері, өңірлік үйлестіруші Бибігүл Сәресқызы Есенәлиеваның ұйымдастыруымен Е.Агелеуов атындағы орта мектеп базасында«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында: мектеп үйлестірушілерінің ролі»тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Оған аудан мектептерінде тағайындалған мектеп үйлестірушілері қатысты.

Бас қосудың мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектеп мектеп үйлестірушілерінің әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру. Мұғалімдерге көмек берудің маңыздылығын, әдіс-тәсілдерін меңгерту, осы бағытта өзара тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес, мектеп үйлестірушілері өз тәжірибелерінен хабарлама жасап, тренинг өткізді. Е.Агелеуов атындағы орта мектептен К.Садыкова «Оқушы білімін критериалды бағалаудың ерекшеліктері», Жалғансай орта мектебінен З.Бектемирова «Жаңартылған мазмұн: педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдау», Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептен Б.Құспанғалиева «Мектеп үйлестірушілерінің ролі», Чкалов атындағы орта мектептен С.Сұлтанова «Мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында хабарлама жасады. Олар өз тәжірибелерінен көптеген мысалдар келтіре отырып, пікірлерін ортаға салды.Еңбекшіл негізгі мектебінің үйлестірушісі А.Атенова қатысушылармен «Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізді.Тәжірибе алмасу бағытында жүргізілгендіктен мектеп үйлестірушілері мұғалім ретінде өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауап алуға мүмкіндік болды.

Дөңгелек үстел өңірлік үйлестірушінің «Жоғалған телефон» тақырыбында тренинг өткізумен қортындыланды. Тренинг барысында мұғалімдерге психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетудің маңыздылығы айқындалды.