«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Жаңартылған білім беру мазмұны: жаңа үлгі, жаңа әдіс- тәсілдер»

Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес, Жалғансай орта мектебі базасында « Жаңартылған білім беру мазмұны: жаңа үлгі, жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыбында 1-2 сынып мұғалімдерінің тәжірибелік семинары өтті. Семинар жұмысына аудан мектептерінің барлық жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беріп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар мақсаты: жаңартылған бағдарлама аясында , оқу мақсаттарына жету үшін мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру. Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, сабақтың өн бойында оқушылармен критериалды бағалау үдерісін жүргізу, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарларды қысқа мерзімді жоспарда іске асыру бағыттарын тәжірибелік тұрғысынан меңгерту, өзара тәжірибе алмасу.

Семинар бағдарламасына сай жиналған мұғалімдер алдында Жалғансай орта мектебінің мұғалімдері- А.Қамзиева 1 сыныптың математика пәнінен «Жазық фигуралардың модельдері», А.Уахитова сауат ашу пәнінен «У дыбысы мен әрпі», А.Умбетьярова 2 сыныпта қазақ тілінен «Дауыссыз л және р дыбыстары» тақырыбында ашық сабақтарын көрсетті. Қатысушылар сабақ барысында оқу мақсаттарына сәйкес алынған дискрипторларды, әдіс-тәсілдердің ықпалдылығын, қалыптастырушы бағалауды, кері байланыс тәсілдерін қолдану тәжірибесімен танысты.

Семинардың келесі бөлімінде мұғалімдер- О.Шонаев атындағы орта мектептен Б.Аманғалиеваның, Талдыкөл мектеп- балабақша кешенінен З.Қабипованың, Е.Агелеуов атындағы орта мектептен Н.Өтебалиеваның, Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектептен Г.Тлепиеваның, Қосарал орта мектебінен Г.Мұқашеваның шебер сыныптарына қатысып, семинар мақсатына сай тәжірибе алмасты.

Семинар соңында рефлексия жасалып, алған әсерлері мен өздерін толғандарып жүрген сауалдарын орта салып, пікірлерін айтып, семинар ұсыныстары қабылданды. Әдістемелік кабинеттің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Б.С.Есенәлиева семинарды қортындылап, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.