«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

"Жас Отан"

Жиын  кезінде   жоспарланған   тәрбиелік  шаралар  жоспарға  сай  өткізілдІ. 17 - мамыр күні  аудандық Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" ЖҚ бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Әскердегі бір күн" жоба аясында  кездесу өткізілді. Аталған шараға  аудандық  маслихаттың  депутаты, "Жас Отан" ЖҚ  жетекшісі Айгерім Құрманберлиева, Махамбет аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Рүстем Жақсылықұлы, аудандық Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары Бақтыбек Сембаев, полиция аға лейтенанты Нұрқуат Орақов  қатысып,  оқушылармен,   еліміздің  жастар  саясаты,   Отанды  қорғау   т.б.  мәселелер  бойынша әнгімелеп,  пікір  алысты, мамандық таңдаудағы тәжірибелерімен бөлісті.  Білім  беру,  еңбек  ету  мәселелері  бойынша  сұрақтарға  жауап  берілді.  Сондай-ақ  аудандық  полиция  бөлімінің    жасөспірімдер ісі  жөніндегі    бөлім  қызметкерлері  «Ата  Заң»   баптарымен  таныстыру,   құқтық   жауапкершілік  туралы     әңгімелесулер   өткізді.

Күн  тәртібіне    сай   дене   шынықтыру  және  спортық   шаралар өткізілді. Президенттік   сынамамалар  тапсырылып,    кіші  аяқдоптан, волейболдан  взводаралық  жарыстар  өткізілді.

Жиын   өту   барысында   аудандық  полиция бөлімінің  жасөспірімдер   ісі   жөніндегі   бөлімшесінің   қызметкерлері,  медбикелер   тәулік   бойы  кезекшілік  атқарды.  Білім   бөліміне  қарасы  мектептердің   автокөліктерінен   кезекшілік  ұйымдастырылды.    

Жиын  соңында  жабылу  салтанаты  өткізілді.  Онда  жиын   жұмысы  қорытындыланып,  талапқа  сай  өткізілгені  атап  өтілді.  Жиының  өту  барысында  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізген  алғашқы  әскери  дайындық  пәні   оқытушы  ұйымдастырушылары мен  оқушыларға  білім  беру  және   қорғаныс  істері  жөніндегі  бөлімнің  «Алғыс  хаттары»,  Президенттік   сынамалардан   үздік  нәтиже  көрсеткен  оқушыларға  дипломдар   тапсырылды.  Лагерь     жалауы  түсіріліп,  взводтар   бойынша   салтанаты  шеру өткізілді.