«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

16 мамыр күні жиынның ашылу салтанаты өткізілді.

16  мамыр   күні   жиынның  ашылу   салтанаты  өткізілді.  Оған  аудандық  білім  беру  бөлімі    басшысы   С.  Жайлашев    қатысып, болашақ  Отан   қорғаушылар  оқу  бағдарламасын   жақсы  игеріп,жиынды  жақсы  өткізуге  тілектестіктерін   білдірді  және   жиынның  ашылуымен  құттықтады.   Лагерь  жалауы көтеріліп ,  взводтар   бойынша  рота  салтанатты  шерумен  және  саппен  ән   айтып  өтті.

Орта білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті    стандартына   сай   жасақталған    бағдарлама  бойынша  взводтар  бойынша   бекітілген   сабақ  кестесі  сай  сабақтар  толықтай  өткізілді.  Алғашқы әскери дайындық бағдарламасының ТД, СД, АД, ӘТ, ӘҚН, АҚ тарауларынан сабақтар өтілді.  Оқушылармен практикалық жаттығулар өткізуге көбірек көңіл бөлінді.   Пневматикалық  қарумен  ату  жаттығулары  өткізілді. Ату жаттығуларын өткізу үшін  орын дайындалып, онда оқушылар атыс алаңы мен ТИР-дегі ату кезіндегі қауіпсіздік шараларымен танысты. Тәуліктік  наряд,  қарауыл  қызметі  жөнінде  алған білімдерін   нақтылап   бөлімшелер  бойынша  қарауыл  қызметі,  тәуліктік  кезекші , асхана  кезекшіліктері  атқарылды.  Әскери топография  сабағында  спортық  бағдарлау негізінде  взводтар  бойынша жарыс өткізілді. Оқу-далалық жиынында оқушылар ұйымшылдық көрсетіп, жақсы үлгі көрсете білді.