15 мамыр күні барлық мектептердің қатысушылары толық келіп орналастырылды
15 мамыр күні барлық мектептердің қатысушылары толық келіп орналастырылды, взводтарға бөлініп, тағайындалған рота, взвод командирлері өз қызметтеріне кірісті. Жиынға қатысуға тиіс 98 оқушының 90-ы қатысты, 8 оқушы денсаулықтарына байланысты қатыстырылған жоқ (дәрігерлердің анықтамалары бар). Сондай-ақ аудандағы барлық орта мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары мен 8 дене тәрбиесі мұғалімі қатысты.