«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРУШІЛЕРІ ҮШІН СУАРУ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢА СТВАКА БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ

Поливная вода для сельхозпроизводителей Атырауской области будет субсидироваться по новой ставке

Бүгін, 16 мамыр Атырау облысына жұмыс сапарымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев келіп, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.

Кеңес барысында, көтерілген мәселелердің бірі суару су жүйесіне арналған субсидия мөлшері, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аймақтың ерекше климатына наразы болды, өйткені оның 50% құрамының бір текше метр суды мемлекет тарапынан субсидияланады, дегенмен де бұл жеткіліксіз. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерге осы бағыт бойынша жұмыстар басталып кеткенің атап өтті.

-Мемлекет басшысының экономиканы диверсификациялау қажеттілігі бойынша тапсырмасын басшылыққа ала отырып, ауыл бизнесін тартымды, жәйлі және барынша қолжетімді еті үшін біз барлық күшімізді осы бағытта жұмсауымыз керек,-деді аймақ басшысы. –Жасыратыны жоқ, біздің аймақта суармалы судың текше метрінің бағасы, өзге аймақатардан артық. Біз, ауыл шаруашылығы министріне Атырау облысының климаттық жағдайын ескере отырып, субсидиялау шарттарын қайта қарау туралы ұсыныс жібердік. Министр бізді қолдап, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері үшін суармалы су жүйесін субсидиялау ставкасын 85% көтеруді келесі жылғы жоспарға еңгізді.

Тимур Құлыбаев өз кезегінде, әрбір облыстың өзіндік ерекшелігі барын және ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдармен біріге отыра бизнеске арналған қолайлы жағдай жасау мақсаты бар екендігін атап кетті.

2017 жылы Атырау облысында егіс алқабын 8237 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, оның ішінде тамшылатып суғаруды - 2300 гектар.

Өсімдік шаруашылығы саласын қолдау бағыты бойынша облысымызда 4 бағдарлама бойынша субсидиялық қолдау көрсетілетін болады, жалпы алғанда, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 208,2 млн. тенге бөлініп отыр.

Бұдан басқа, ауылшаруашылығы өндірушілерінің тұқым сатып алуға кететің шығындарын жеңілдеті мақсатында жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді.