«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

«Адами құндылықтар - отбасынан» тақырыбындағы аудандық конференция

Қ. Қалыбеков атындағы орта мектебі базасында «Адами құндылықтар- отбасынан» тақырыбында аудандық конференция өткізілді.
Конференцияға мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп тәлімгерлері, ата-аналар комитетінің өкілдері, әкелер қоғамының төрағалары, өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қатысты.

Конференцияның  өткізілу мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін ескере отырып, құндылықтардың мәнін ашуға ықпал ету. Халқымыздың тәлім тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін дамыту арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын мектептердегі оқу-тәрбие жұмысына толығымен кіріктірудің ықпалдылығын арттыру.
Конференцияға  қатысушылар үшін тәжірибе алмасу бағытында шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды.  Мектеп дәлізінде аудан мектептеріндегі рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының орындалуы туралы мәліметтер беретін  баннер,буклеттер, альбомдар, кітапшалармен, т.б.танысты.

                

Конференция барысында  : «Рухани   тәрбиенің   жалпыадамзаттық   құндылықтар негізінде  қайта жаңғыртылуы» тақырыбында  аудандық әдістемелік кабинет әдіскері Б.С.Есенәлиева  баяндама;

Қосарал орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Орынбасарова «Өзін-өзі тану піні мен ғылыми пәндердің сабақтастығы»;

Алға орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары  М.Ибраева «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы»;Чкалов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Қ.Орынбасарова «Отбасы – баланың  рухани тірегі»; Е.Агелеуов атындағы орта мектебі әкелер қоғамының төрағасы Нұрлан  Ұзақбаев «Отбасы тәрбиесіндегі әкенің орны»; Жалғансай орта мектебінің ата – аналар комитетінің төрайымы Күләндаш  Хамзиева «Отбасы мен мектеп аясында рухани құндылықтарды дамытудың негізі» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің орындауындағы отбасы тәрбиесі өзегін  қамтитын «Бұлақ басында», «Итаяқ»  тақырыбындағы шағын көрініс жиналғандар назарына ұсынылды. Оқушылардың орындауында «Өзін-өзі тану» пәні гимні орындалды.
Конференцияға  қатысушылармен  рухани-адамгершілік  бағдарламасы  аясында  білім беру жүйесідегі қоғам мен жеке тұлғаның дамуына , оқушылар бойында  өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін, қажетін қанағаттандыратындай мақсаттарға бағытталған жұмыстарды бірлескен түрде белсенді жүргізу,рухани - адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын  мектептердегі    оқу- тәрбие жұмысына толығымен  кіріктірудің  ықпалдылығын арттыру,  «Өзін - өзі тану» пәні мұғалімдерінің аталған  жұмыстарды    ұйымдастыруда жауапкершілігін көтеріп, басқа  пәндермен  сабақтастықты жандандыру  туралы  мәселелер қортындыланды.