«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері

Білім сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері

         Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сынып оқушыларымен оқыту үдерісі жүргізілуде.Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне  кәсіби-әдістемелік  қолдау кеңінен көрсетілуде.

        Облыстық   білім   беру   басқармасының   әдістемелік   кабинетінің ұйымдастыруымен Махамбет  ауданы, О.Шонаев  атындағы орта мектеп   базасында   «Критериалды  бағалау – оқушы  білімін   нақты   бағалау» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Оған  облыстық әдістемелік кабинет мамандары, Атырау қаласындағы химия- бпология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдері және аудан педагогтары  қатысты.

         Семинар мақсаты: Критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісіне тиімді енгізу  және сауатты қолдану бағытында  әдістемелік көмек беру. Назарбаев зияткерлік мектебімен ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу.

 

 

        Семинар жұмысында оқушыларға  жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту,білім   берудің басым мақсаттарының  бірі ретінде  мектеп   оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға   баса назар аудару, оқыту мен тәрбиелеуде әлемдік технологияларды оқып- үйрену, оны оқыту  үрдісінде  кеңінен  қолдану,  критериалды бағалау жүйесін  баланың оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағыттауды басты назарда ұстап,   тәжірибеге толық енгізу  мазмұнын  қамтыды.

 

 

       Семинар барысында  1 сынып  мұғалімдерінің сауат ашу, математика, жаратылыстану, ағылшын тілінен  ашық сабақтары өтті.

      Бастауыш сыныпқа жаңадан енгізілген жаратылыстану пәнінен О.Шонаев атындағы орта мектептің тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі Б.Аманғалиева, ағылшын тілінен М.Есенғалиева, математика пәнінен  аудандағы Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектеп мұғалімі К.Сисенғалиева, сауат ашу пәнінен  Алға орта мектебінен   мұғалім А.Ележанова  сабақ  өткізді.Мұғалімдердің  жаңаша форматта  құрылған  сабақ жоспарларында оқытудың әдіс- тәсілдері    түрлендіріліп  қолданылды. Оқушы  білімін бағалауда  критериалды бағалау үрдісін зерделеген   сарапшылар оң бағасын берді. 

 

 

          Сабақтардың өту барысындағы  бағалау жүйесіне талдау  жүргізіліп, қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

          Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері- М.Шамшенова қазақ тілінен, Ж.Сисенбаева математикадан, К.Хасанова ағылшын тілінен, С.Таугистауова биологиядан, С.Исмагулова физикадан  «шеберлік сыныптарын» жүргізді.         

 

 

          Жаңартылған     білім     беру     мазмұны     аясында    іске асырылып жатқан критериалды  бағалау      жүйесі    бойынша  өзара   сұрақтар    қойылып, тәжірибе  алмасу бағытында  сұқбат жүрді.