«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Мөлдір бұлақтан - 2017 ж.

Аудандық білім бөлімі облыстық білім беру басқармасының 2017 жылдың 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес а.ж. 7 сәуір күні Қ.Қалыбеков  атындағы орта мектебі базасында  «Мөлдір бұлақтан...» аудандық отбасылық фестивалі (әрі қарай - отбасылық фестиваль) өткендігін қаперге береді.

Фестивальдің мақсаты- отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру, отбасылық-шығармашылық қарым-қатынастың сабақтастығын сақтау және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру, өзіндік отбасылық ұжымға қолдау көрсету, отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасында бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.

Фестивальдің мақсатын іске асыру мыналарға ықпал етеді:өңірлік және жергілікті деңгейлерде отбасы саясатын әзірлеудің және іске асырудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың отбасымен жүргізген өзекті жұмыстарының мәртебесі мен тиімділігін арттыру, отбасына  бағытталған қызметтің және нақты іс жүзіндегі әртүрлі салаларындағы жетістіктерді насихаттау, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ғылыми және оқу орталықтарымен отбасына бағытталған құрылымдық байланысты кеңейту.

Аудандық шараға Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Қ.Қалыбеков, Қосарал, Алға, Алмалы, Есбол, Жалғансай орта мектептерінің, Талдыкөл мектеп- балабақша кешенінің және  Д.Төленов атындағы мектеп- гимназиясының отбасылары қатысты.

Фестивальға қатысушы отбасылар өздерін таныстырды.

Екінші кезеңіндегі «Әкем, анам және мен - тату отбасымыз!»  коллаж байқауында таза ақ ватман қағазға жанұялық дәстүрді, жаңалықтарды, жетістіктерді, сондай-ақ, өмірдің қызықты кезеңдерін сипаттады. Коллаж  байқауында отбасы мүшелері түрлі-түсті қағаз, фотосуреттер, газет және журналдардан алынған кесінділер және тағы басқа материалдар пайдаланды.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - өнер байқауында отбасы мүшелері көрерменге өнерін көрсетті.

 «Отбасы ағашы» - шежіре ағашы байқауында сәндік-қолданбалы шеберліктің түрлі техникаларында орындалған жұмыстарды ұсынды. Макет жасау бойынша сіріңка талшықтары, қағаз, картон, тиын, ағашты пайдаланды. Ал бейнелеу өнері бойынша: кескіндеме,  коллаж, батик, гобелен, сондай-ақ  тоқымашылық, кесу, ағашқа жазу бойынша да жұмыстарын көрсетті.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша аудандық байқауда  шығармашылық ізденіс көрсеткені  үшін Есмағанбетовтер (Талдыкөл м-б кешені), Шаукеновтер (О.Шонаев о/м), Саленовтер (Есбол о/м) отбасылары аудандық әдістемелік кабинеттің Алғыс хатына ие болды.«Мөлдір бұлақтан...» атты аудандық отбасылық шығармашылық фестивалінде сахналық орындау мәдениеті мен орындау шеберліктері үшін Хабитовтар (Жалғансай о/м), Жолдасовтар  (Қ.Қалыбеков  о/м), Түсекеновтер  (Д.Төленов атындағы мектеп- гимназия) отбасыларына ІІІ- орын берілді.

Аудандық отбасылық шығармашылық фестивалінде сахналық орындау мәдениеті мен орындау шеберліктері үшін Даулетовтер (Қосарал о/м), Қуатбаевтар (Алмалы о/м) отбасыларына ІІ- орын берілсе, ұлттық қолөнеріміздің ерекшелігін терең меңгергендігін жан-жақты көрсете білген Алға орта мектебінен Ахметовтер (Алға о/м)  отбасы І орынға ие болды.

Барлық бағыт бойынша орындау шеберліктері жоғары дәрежеде болғаны үшін Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінен Адыров Кенжебайдың отбасына Бас жүлде  берілді.

28 сәуір күні сағат 10.00-де Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектебінің базасында  өтетін облыстық фестивальға Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінен Адыров Кенжебайдың отбасы қатысады.