«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні

Аудандық білім  бөлімі  8  наурыз-Халықаралық  әйелдер  күні  мерекесіне орай ұйымдастырылған  іс-шаралар..

Аудандық білім  бөлімі  8  наурыз-Халықаралық  әйелдер  күні  мерекесіне орай ұйымдастырылған  іс-шаралар туралы ақпаратты жолдайды. 
Аудан мектептерінде «Ана- өмір шырағы», «Ана деген- адамзаттың данасы», «Ана- алып бәйтерек», «Ана тәрбиесі- қызға үлгі, әке тәрбиесі- ұлға үлгі», «Тіршіліктің тірегі- ана», «Қыз өссе- елдің көркі», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Ана- өмір шырағы», «Ана деген- алтын қазық,алтын бақ», «Ана- отбасының тірегі»,  «Ал кәне, қыздар!», «Арулар- асыл жандар» тақырыптарында  кездесу, пікірталас, байқау, тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
 

    1-7 наурыз аралығында «Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында апталық өтті. Апталық аясында «Сырласайық жеңеше!», «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы», «Халықтың қолөнер зергерлігі- қазақтың әшекейлік зергерлігі», «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Ұлттық дәстүрлерді білім мен тәрбие үрдісінде қолданайық» тақырыптарында шаралар ұйымдастырылды.
 
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары  мектепте қызмет жасайтын жалғыз басты, көп балалы аналарға қамқорлық акциясын ұйымдастырды.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын әйел мұғалімдерге құрмет көрсету мақсатында   аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне  мақалалар берілді.
Зейнеткер аналарға құттықтау хаттар жолданып, ұйымдастырылған шараларға қатыстырылды.