«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Жаналыктар

1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған шаралар

Махамбет ауданы мектептерінде  оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Аман бол-асыл қарттарым», «Қариялар-даналар»,«Қарттарым-асыл қазынам!», «Менің жылдарым-менің байлығым», «Қарты бардың қазынасы бар», «Үлкенге–құрмет,кішіге-ізет» тақырыптарында  шаралар өтті.

7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі мен 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар туралы ақпарат

Аудан мектептерінде 7,9 мамыр мерекелерінің шынайы патриотизм  мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректікті, халықтар арасындағы келісім мен достықты бейнелейтін тарихымыздың қастерлі беті болып саналатындығын оқушыларға таныту  мақсатында «Ұлы  Жеңіс  жасасын!», «Шығыстың қос шынары» «Ерлікті  біз жырлаймыз», «Біздің халықтың ерлікке толы өткені», «Бейбіт күн жасасын әлемде», «Ешкім де, ешнарсе де ұмытылмайды» тақырыптарында шаралар өтті.  Сонымен қатар тарих пәні мұғалімдері, сынып жетекшілер «Біздің халықтың ерлікке толы өткені» атты «Ерлік сабақтарын» өткізді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» Конституциялық Заңын іске асыру бағытында 2018 жылы атқарылған жұмыстар

Махамбет ауданы мектептерінде оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, төзімділікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер- рухани жаңғырудың қайнар көзі», «ҚР Мемлекеттік рәміздері- елдіктің төл тұмары», «Мемлекеттік рәміздер- құдыретті құндылық», «Мемлекеттік рәміздер-ел беделі», «Мемлекеттік рәміздер-Ұлт байлығы», «Рәміздер-ел беделі!», «Мемлекеттік рәміздер- мемлекеттің бетке ұстар құжаты»,«Мемлекетті Рәміздер мақтанышым»,«Құрметтейік мемлекеттік рәміздерді», «Қазақстан Республикасының рәміздері»,«Ел рәміздері–Тәуелсіздігімнің айғағы»,«Мемлекеттік рәміздерге көзқарас ережесі»,«Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысайық», «Рәміздер–ел тірегі, ел намысы»,«Қазақстан Туы желбірей бер!» т.б. тақырыптарда шаралар өтті.

Аудандық білім бөлімі 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан мектептерінде 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достықтың алтын көпірі» атты мерекелік іс-шаралар кең көлемде аталып өтті. Барлық сыныптарда достық, бірлік тақырыптарына сынып сағаттары мен тәрбиелік шаралар өтті.Бұл мереке барлық қазақстандық этнос өкілдерінің достығы мен өзара түсіністігін әлемге паш етеді. Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің тарихы мен салт-дәстүрін көбірек білуге, сондай-ақ әр ел азаматы үшін өз мәдениетінің қайнар бұлағына оралып, ұлттық әдет-ғұрыптарын еске түсіруіне таптырмас сәт екендігі оқушыларға кеңінен түсіндірілді.

Балалардың қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудан мектептерінде  балалардың  қауіпсіздігін сақтау  мәселелері  бойынша    әр сыныпқа   электр  қауіпсіздігінің  ережелерін  сақтау, құрылысы  аяқталмаған  ғимаратқа бармау, өрт  қауіпсіздігі, Жайық өзеніне  т.б жерлерге   бармау керектігі айтылып, түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. Ауылдық  округ  бойынша  иесіз  жатқан  аймақтар туралы  мағлұматтар  берілді.

8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесі

Махамбет ауданы мектептерінде 1-9 наурыз аралығында «Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты апталық өтті. Апталық аясында «Көрікті қыз», «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті», «Қыз өссе- елдің көркі», «Қызың өссе, қызы жақынмен ауылдас бол», «Ал кәне, қыздар!», «Өнерлі өрге жүзеді», «Қыз тәрбиесі- қоғам тәрбиесі», «Мен және менің отбасым» тақырыптарында байқау, дөңгелек үстел, пікіралмасу ұйымдастырылды.

«1 наурыз Алғыс айту күні»

 Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясында  «1 наурыз Алғыс айту күні» ерекше аталып өтті. Гимназия іші мерекеге сай безендіріліп «Жас Ұлан» ұйымының «Ұрпақ үні»газетіне 11 сынып түлектері «Шын жүректен» алақанға құттықтау жолдады.барлық сыныптардың «Мың алғыс», «Алғыс айту –парызым»тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.

Аудандық байқау

2018 жылдың 17 ақпан күні  Талдыкөл мектеп- балабақша кешенінің базасында 9 сынып оқушыларының  арасында өткен «Мәңгілік ел- туған өлкем» атты өлкетану бағытындағы аудандық байқау байқау өтті.