«Махамбет аудандық білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесі

A- A A+

ГКП на ПХВ

«ГОРОДСКАЯ ПОЛИКЛИНИКА №1» kz

 

ГУ «Махамбетский районный
отдел образования»

«Жеке тұлғаны дамытуда оқыту мен тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру»

Жаналыктар

Аудандық семинар

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаевпен бекітілген «2016-2019 жылдарға арналған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негіздерін білім беру және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының тәрбиелеу бағдарламаларына енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша а.ж. 25 қаңтар күні сағат 9-00-де Ақтоғай орта мектебінің базасында «Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан мектептеріндегі тәлімгерлер қатысты.

«Ардақты өлкем- Атырауым»

Махамбет ауданы мектептерінде Атырау облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай 22-26 қаңтар аралығында оқушыларды Атырау облысының тарихымен таныстыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ардақты өлкем- Атырауым» атты апталық өтті. Аудан мектептерінде кітапханашылар «Ардақты өлкем- Атырауым» тақырыбында кітап көрмесін жасап, оқушыларды көрмедегі кітаптармен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 4-15 желтоқсан аралығында «Туымыз-тәуелсіздік, тұғырымыз-тұрақтылық» тақырыбындағы онкүндік аясында ұйымдастырылған шаралар.

мбет ауданы мектептерінде «Желтоқсан жаңғырығы-Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік- тұғырым», «Тәуелсіздік–теңдесі жоқ байлығым», «Мұзда жанған алау»,«Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат!», «Тәуелсіздік бастауы–Желтоқсан!», «Тәуелсіз елдің баласы!», «Тәуелсіздік тірегі – қайсар рухты қазақтың», «Өр мінезді, өжет қыз», «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием», «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» т.б. тақырыптарда кездесу, тәрбиелік шара, дөңгелек үстел, тарихи кеш, конференция, патриоттық әндер, шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

Қарттар күні

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған шаралар 28 қыркүйек күні білім бөлімінің басшысы С.Жайлашев өмір жолдары- өнегеге толы білім саласының ардагерлерін қабылдады. Қабылдауға Н.Баймұханова (Талдыкөл м/б кешені),Қ.Таспанова (Қ.Қарашаұлы о/м), М.Шахабаева (Қ.Қарашаұлы о/м), Ж.Натифуллина (Жалғансай о/м), Д.Махасова (Чкалов о/м), Ж.Мұғауова (Қосарал о/м),Х.Тусекенова (З.Ещанова атындағы ө/м) шақырылды.

Еңбек күні

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 2017 жылдың 4-17 қыркүйек аралығындағы «Еңбек күніне» орай ұйымдастырылған жұмыстар туралы ақпарат

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар

Махамбет аудандық білім бөлімі бойынша 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар Чкалов орта мектебінің базасында 27 қараша күні оқушыларды рухани- адамгершілікке, патриоттық сана мен өз Отанына шексіз берілгендік рухта тәрбиелеудің озық тәжірибелерін анықтау мақсатында «Жарқын жолдағы жасампаз елміз» атты аудандық панорамалық шаралар байқауы өтті. Байқауға 17 мектептен 17 сынып жетекші қатысты.

«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында: мектеп үйлестірушілерінің ролі»

Аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері, өңірлік үйлестіруші Бибігүл Сәресқызы Есенәлиеваның ұйымдастыруымен Е.Агелеуов атындағы орта мектеп базасында«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу аясында: мектеп үйлестірушілерінің ролі»тақырыбымен дөңгелек үстел өтті. Оған аудан мектептерінде тағайындалған мектеп үйлестірушілері қатысты.

«Жаңартылған білім беру мазмұны: жаңа үлгі, жаңа әдіс- тәсілдер»

Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес, Жалғансай орта мектебі базасында « Жаңартылған білім беру мазмұны: жаңа үлгі, жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыбында 1-2 сынып мұғалімдерінің тәжірибелік семинары өтті. Семинар жұмысына аудан мектептерінің барлық жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беріп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.